Қоңыр күз келгеннен ауа райы температурасы күрт төмендеп кетті. Облыстың таулы аудандарында қазан айының 4-6 аралығында аяз болуы мүмкін.
«Қазгидромет» РМК ОҚО бойынша филиалының синоптик-инженері Салтанат Қоныс 4 қазан күні нөсер жаңбыр жауатынын хабарлады.
– 4 қазан күні нөсерлі жауын-шашын жауады. 4, 5, 6 қазанда ауа температурасы күндіз 9-14, кей жерлерде 5оС-ге дейін төмендейді. Ал түнгі уақытта 2-7оС, таулы аудандарда -3оС-қа дейін салқындап, аяз түсуі ықтимал. Бұл күндері солтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 метр/секундқа дейін жетеді, – дейді синоптик.