Версия для печати

Латын әліпбиі – келешектің кілті Избранное

Пятница, 13 Октябрь 2017 05:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 5128 раз
Оцените материал
(0 голосов)

ОҚМПИ-дың Н. Назарбаев атындағы орталығында «Латын графикасына көшу – рухани жаңғырудың басты құндылығы» атты  дөңгелек үстел өтті.

DSC 9970

Онда ғалымдар, тіл білімі мамандары мен қоғам қайраткерлері осы тақырыпта салиқалы әңгіме өрбітті. 

Институт ректоры, п.ғ.д., профессор Оңалбай Аяшев латынға көшуге қатысты халықтың, қоғам өкілдерінің белсенділік танытқанын айта келе, бұл заман талабынан туған шешім екенін атап өтті. 

– Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Қазақстанның латынға көшуі жайлы жоспарына тоқталып, нақты тапсырмалар берген болатын. Ұлттық сананы жаңғыртудың бірден-бір сара жолы латын әліпбиіне көшу. Осы арқылы жас ұрпақ жалпы әлемдік кеңістікке тез кіріседі. Өйткені жер шарының 80 пайызы латын әрпін қолданады. Сонымен қатар, бұл еліміздің дүниежүзілік ақпараттық кеңістікке ықпалдасуына да оң септігін тигізіп, әлемдік аренада Қазақстанның одан әрі танымал бола түсуіне жағдай жасайды. Мемлекетіміздің шетелдермен байланысы жаңа деңгейге көтеріледі. Әрі рухани серпілудің негізгі бастамасы болатынына сенімім мол. Мұны рухани жаңғыру идеологиясын іске асырудағы оң қадам деп білеміз, – деді О. Аяшев.

 

elishibaiҒалымжан ЕЛШІБАЙ,
«Егемен Қазақстан» және «Қазақ әдебиеті» газеттерінің ОҚО-дағы тілшісі:

«Бұл – рухани тәуелсіздік жолы»

– Латын графикасына көшуді «Егемен Қазақстан» газеті әлдеқашан қолға алды. Бүгінде біз үш тілде, онан бөлек, латын және төте жазуда ақпараттар таратудамыз. Нақты деректерге сүйенсек латын тілінде ақпарат таратқалы сайтымыз қолданушылары арта түскен. Әсіресе, Түркиядан, АҚШ-тан, Моңғолиядан, Франциядан т.б. мемлекеттерден түрлі пікірлер алдық. Латын графикасына көшу шетелдегі бауырларымызбен қарым-қатынасымыздың жақсара түсуіне септігін тигізіп жатыр.

 

 

masalievaЖанар МАСАЛИЕВА,
ОҚМПИ-дың «Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология» кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты:

«Жаңғыру жазудан басталады»

– Қазақ тілі фонетикалық заңдылығы орныққан жаңа тілдер қатарына жатады. Тілімізде бәріне белгілі сыңар әріптер бар. Тіліміздің бір ерекшелігі де осы. А әрпінің ә, о әрпінің ө сыңары деген сияқты. Жаңа латын графикасының нұсқасында олардың үтір арқылы ажыратылып берілуі дұрыс-ақ. Енді у,ұ,ү деген үш әріпке назар аударсақ. Осы жерде төл әріптеріміз ұ мен ү-ні нақты көрсетуіміз қажет.

 

Бағдәулет НҰРМАТ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.