Жетістікке бастайтын жаңғыру жолы Избранное

Среда, 01 Ноябрь 2017 08:14 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 53 раз

Облыс әкімі Ж. Түймебаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының өсуіне жол бермеу мақсатында өңірде бір ай көлемінде әлеуметтік базарлар ашу қажеттігін айтты.

– Ол үшін Шымкенттен 1-1,5 гектар жер қаралып, талапқа сай жасақталуын, ал ірі аудандар 70 соттық, кіші аудандар 50 соттық жер бөліп аз уақыттың ішінде тауар өндірушілерге өз өнімдерін сатуға мүмкіндік жасалу керек, – деді әкім. 

Бүгінде бағаны тұрақтандыру мақсатында облыс аумағындағы сауда орындарының басшыларымен бағаны негізсіз өсірмеу жөнінде меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, ауылшаруашылық тауарларының жәрмеңкесін өткізу арқылы баға тұрақтылығы сақталуда. 

Айта кетейік, бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында – 1 мың тонна қант, 2 мың тонна картоп, 1 мың тонна пияз, 1 200 тонна сәбіз, 70 тонна күріш, 200 тонна сиыр еті және 30 тонна макарон өнімдері бар. Мұнан бөлек, қоймада өткен жылы алынған тауарлардан қалған 2500 тонна ұн, 1 244 тонна қант және 69,1 тонна күріш сақталуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.