Азаматтарға арналған үкіметте ХҚКО қызметін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізілді

Среда, 08 Ноябрь 2017 06:25 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 45 раз

tson-kyzymetin-jetildiru

2017 жылғы 7 қарашада халыққа қызмет көрсету жұмысын жетілдіру мәселелері бойынша Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Абылайхан Оспановтың қатысуымен жұмыс кеңесі өтті.

БАҚ қатысқан іс-шарада ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсетудегі өзекті мәселелер талқыланды. Кеңес аяқталғаннан кейін брифинг өтіп, сұрақтар қойылды.       

Жұмыс кеңесі кезінде мемкорпорацияның жоспары туралы да айтылды. Ақпарат және коммуникациялар министрлігімен бірігіп жасалған сервиске сәйкес, қызмет алушының рұқсаты расталған жағдайда мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға «электронды үкімет» арқылы анықтама беру қызметін іске қосу жоспарлануда. Бұл қызмет түрі ХҚКО қызметкерлерінің қатысуысыз өтеді. Азамат жеке мәліметтерін беру-бермеу жөнінде шешімді  өзі қабылдап, SMS-хабарлама арқылы жауап береді.

Мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдарға, соның ішінде екінші деңгейлі банктерге анықтама беру сервисін жүзеге асырсақ, электронды анықтама беруді 21,5 млн қысқартуға мүмкіндік береді. Мысалы, қазір жәрдемақы тағайындаған кезде банк шотының нөмірі туралы анықтаманы әкелу қажет. Интеграцияның арқасында қызмет алушыға бұл анықтаманың қажеті болмайды.

 Жалпы, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында қызметтерді көрсетудің проактивті түріне өту бойынша мемкорпорация мемлекеттік органдармен бірге қыруар жұмыстар атқаруда. Болашақта ақпараттық жүйелердегі мәліметтер автоматты түрде өзгеретін болады.

Кеңестен кейін қатысушылар жаңартылған ахуал орталығымен танысты. Орталық қайта жасақталғаннан кейін мемлекеттік қызметтерді ұсыну сапасын бақылау деңгейі өсті. Құралдар мен техникалар жаңартылып, қызметкерлерге жайлы жұмыс орны қамтамасыз етілді. «Азаматтарға арналған үкіметтің» ахуал орталығы қызметкерлері халыққа қызмет көрсету орталықтарын үнемі бейнебақылау арқылы қадағалайды. Бүгінгі таңда ахуал орталығына халыққа қызмет көрсету орталықтарының барлық фронт-офистері қосылған.


 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамының Баспасөз қызметі

Последнее изменение Среда, 08 Ноябрь 2017 06:42
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.