Версия для печати

ТМД елдерінің өкілдері Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тәжірибесін игеруге келді

Среда, 08 Ноябрь 2017 06:27 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2971 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабпенбірге ұйымдастырған «Қазақстанның мемлекеттік қызметті дамыту саласындағы тәжірибесі. Инновациялық тәсілдер: сын-тегеуріндер мен шешімдер» атты халықаралық конференция барысында басқа елдерден келген қатысушылар Қазақстанның мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы тәжірибесімен танысып, инновациялық жобаларды мемлекеттік басқару секторына енгізу мүмкіндіктерін талқылады.

 

tmd-tson

 

 

Конференцияның ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің орынбасары Қайрат Балықбаев, Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы Өңірлік хабтың басқарушы комитет төрағасы Әлихан Бәйменов, Сингапурдағы мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі БҰҰ «Даму» бағдарламасы ғаламдық орталығының директорыМакс Эверест Филлипс және т.б. сөз сөйледі.

 

Спикерлердің айтуынша, қазір Қазақстан UNDESA электрондық үкіметті дамыту индексі аясында 27-ші орында, яғни бұл үкіметтің халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін жеңілдетуге бағытталған белсенді жұмысының көрсеткіші.

 

Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер бірнеше тәсіл бойынша көрсетіледі: электрондық үкімет порталы арқылы (700-ден астам қызметтер мен сервистер), Халыққа қызмет көрсету орталықтары (548 мемқызмет), Mgov мобильді қосымша (80-нен астам қызмет пен сервистер). Айта кетейік, халықаралық үкіметтік саммитте Mgov мобильдік үкіметтің үздік қосымшасы боп танылды. Мемкорпорацияға келсек, қазір 723 мемлекеттік қызметтің 548-і «Азаматтарға арналған үкіметтің 349 фронт-офистері арқылы ұсынылады. Және бұл көрсеткіш жылдан-жылға ұлғайып келеді (2011 жылы ХҚКО арқылы 51 мемқызмет ұсынылған). Қазір қызметтер толық циклмен көрсетілгендіктен, сұратылатын құжаттар мөлшері азайды. Ал қызметтер электронды түрге көшірілгендіктен, Мемлекеттік корпорацияға келушілер саны қысқарды.

 

ХҚКО-ның сапасын көтерген басты ерекшелік – түрлі органдардың құжаттарын «бір терезе» қағидаты бойынша дайындап беру. Мысалы, Әзірбайжан, Малайзия, Сингапур және тағы басқа елдердетүрлі органдардың құжат дайындаушы өкілдері бір ғимаратта болғанымен, бөлек бұрыштарда қызмет көрсетеді. Ал қазақстандықтар түрлі органның құжаттарын алу үшін әр бұрышқа барып кезек тұрмайды, «бір терезе» арқылы ХҚКО-ның кез-келген қызметкерінен ала алады.

 

Конференцияға қатысушы елдердің өкілдері Қазақстанның тәжірибесін зерттеу реформалар өткізу кезіндегі ақпараттық-сараптамалық жұмыстың базасын күшейтуге септігін тигізетініне, сонымен қатар мемқызметтерді көрсету саласында тәжірибе алмасу барысында тиімді диалог орнататынына сенімді.

 

Анықтама:

Іс-шара Тәжірибешілдер альянсының ЭЫДҰ (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы) институттарының тиімді платформасы негізіндегі «тең теңімен» принципі бойынша жасалған серияларының жалғасы болды. Альянсты 2016 жылдың сәуірінде Астаналық хаб іске қосты. Нәтижесінде Қазақстан, Әзірбайжан, Грузияда  мемқызметтерді «бір терезе» принципі арқылы көрсету саласында үш зерттеу жасалды. 2017 жылдың мамыр айында Сингапурда өткен мемқызметтерді көрсетуді жетілдіру бойынша ғаламдық семинарда осы үш елдің тәжірибесі  ұсынылды. Бұл ғаламдық семинарды ұйымдастыруға Қазақстан өкілдігі мен Аймақтық хаб ат салысқан еді.

Последнее изменение Среда, 08 Ноябрь 2017 06:41
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.