Бірлігі бекемнің тірлігі берекелі Избранное

Пятница, 17 Ноябрь 2017 08:44 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3448 раз

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңіріміздегі ақсақалдар мен зиялы қауым өкілдерімен дөңгелек үстел өткізді.

birligi-bekem

«Дөңгелек үстел» барысында сөз алған өңір басшысы Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында 66 жоба бойынша 121 іс-шараны жүзеге асыру қолға алынғанын жеткізді. Сондай-ақ бұл бағытта 844 елдімекенде 3185 іс-шара өткізілген. Мақалада ерекше аталған жобаларды жүзеге асыруға 2022 жылға дейін 16,2 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр. Жыл басында «Атамекен» бағдарламасы аясында облыстан шыққан 205 тұлғаның қатысуымен «Туған жерді түлету – перзенттік парыз» басқосуы жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Бүгінгі күнде облысымызда кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан жалпы сомасы 30 млрд 350 млн теңгеге 529 өңірлік жоба қолға алынып отыр. Бұдан бөлек, «Рухани қазына» бағдарламасы бойынша «Ажарлы үй – ырысты» жобасы аясында 120-дан астам белсенді, ерікті жастар елдімекендерді абаттандыру мақсатында көмекке зәру 543 отбасының аулаларын тазалап, қоршауларын, қақпаларын сырлап, ауыл ажарының артуына өз үлестерін қосқан.

Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов баяндама жасап, елді бірлік пен ынтымаққа шақыруда ардагерлердің еңбегі орасан екенін атап өтті. Ол сондай-ақ ардагерлерді Елбасы мақаласының ел арасында өз деңгейінде насихатталуына күш салуға шақырды. Мұнан соң жиын сұрақ-жауап үлгісіне көшті. Кездесу соңында облыс әкімі барша ардагерлерге сый-сияпат жасады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.