Версия для печати

Елбасы Жолдау жайлы мәлімдеме жасады Избранное

Вторник, 09 Январь 2018 13:40 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2923 раз
Оцените материал
(0 голосов)
a1af21c60e8e9ca83045e7ab5f558762Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған биылғы Жолдауы Қазақстанның Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналады. Бұл туралы ҚР Президенті Н.Назарбаев республикалық телеарналар эфиріндегі мәлімдемесінде айтты.
 
– Қымбатты отандастар! Қазақстан әлемдегі түрлі сынықтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алды. Еліміздің 2050-ші жылға дейінгі  ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылуда. 100 нақты қадам Ұлт жоспары аясында біз реформаларды жүргізіп келеміз. Индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар атқарылуда. Біз конституциялық реформаны  жүзеге асырып, еліміздің Үшінші жаңғыруын бастадық. Рухани жаңғыру  бағыты бойынша  кешенді іс-шаралар жүргізілуде. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданды, – деді Президент өз мәлімдемесінде.
 
Телеарна эфиріндегі мәлімдемеде Мемлекет басшысы адамзат баласының жаңа өнеркәсіптік революция дәуіріне қадам басқанын және заманауи технологиялардың әлемді өзгертіп жатқанын атап өтті.  «Жаһандық технологиялық өзгерістерге жаңа сын-қатерлермен қатар өсуге арналған жаңа мүмкіндіктер де тән. Бұл – әлемнің дамыған 30 елінің қатарына жеделдетіп енуімізге арналған тарихи мүмкіндігіміз. Ертең менің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауым жарияланады. Жолдау еліміздің Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамуына арналып отыр», – деді Елбасы.
 
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы Жолдауына байланысты ел алдындағы 10 негізгі міндетті атады.
– Мен жүзеге асыруымыз керек 10 міндетті көріп отырмын. Олардың мазмұны туралы қысқаша айтып өтсем. Біріншісі - қазақстандық индустрия жаңа технологияларды енгізуде флагман бола білуі керек. Біз өнеркәсіпте өндіріс процестерін цифрландыру мен заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өндірісінің деңгейін көтеруге тиіспіз. Екіншіден, ресурстық әлеуетті қолдану тиімділігін барынша жақсарту керек. Қазіргі уақытта ақпараттық-технологиялық шешімдерді енгізу талап етіліп отыр. Бұл шығарылатын өнімдердің үлесін арттыруға, оларды қайта өңдеу тереңдігін меңгеруге, сонымен бірге энергияны үнемдеуге және өндірістің экологиясының жақсаруына мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарға жүктеліп отырған міндеттің үшіншісі - агроөнеркәсіп кешенін жаңа технологиялық деңгейге көтеру екенін атап өтті. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, бұл ауыл шаруашылығында еңбек өнімділігі мен өңделген өнім экспортын түбегейлі арттыруға серпін береді. «Төртінші - транспорт пен логистикалық инфрақұрылымды одан ары дамыту. Цифрлық технологияларды енгізу мен Интеллектуалды транспорт жүйесін құру жүк тасымалдау мерзімдерін қысқартуға және транзиттен түсетін табыстарды еселеуге мүмкіндік береді. Бесінші - ТҮКШ және құрылыс саласында заманауи технологияларды қолдану. Құрылыс жүргізудің жаңа әдістері, ғимараттың энергияны үнемдеу талабын көтеру, инфрақұрылымдарды интеллектуалдық жүйемен басқару - қазақстандықтардың өмір сапасын арттыруға жол ашады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Мемлекет басшысы Қазақстандағы қаржы секторының «қайта жандануы» - 10 міндеттің алтыншысы екенін атады. «Банктік жүйелерді дамыту бақылаудың күшейтілуімен және қарапайым азаматтардың мүддесі үшін жүргізілуі керек. Банктерге иелік ететін адамдардың жауапкершілігін арттырудың маңызы зор. Жетінші - адам капиталының жаңа сапасы. Білімнің барлық жүйесі заманауи талаптарға және экономиканың барық қажеттілігіне жауап беруі тиіс. Сегізінші - бұл тиімді мемлекеттік басқару. Цифрлық технологиялар бизнесті қайта реттеуді жалғастаруға, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызмет пен мемлекеттік қолдаудың сапасын арттыруға, азаматтардың қажеттілігін барынша есепке алуға мүмкіндік береді», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы сонымен бірге, тоғызыншыдан, заңның үстемдігі мен жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалатынын айтып өтті. Оныншы міндет ретінде «Смарт сити» технологиясының енгізілуі өсіп бара жатқан қалалардың мәселелерін тиімді түрде шешуге жол ашып, инвесторлардың қызығушылығын туғызатынын жеткізді. «Біздің бәріміз бүгінгі күні осы он тапсырманы орындауға күш салуымыз керек. Жолдаудың толық мәтінінде олардың барлығы көрсетіледі», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
 
Елбасы өз мәлімдемесінде аталған міндеттерді орындау үшін бүкіл қоғамның бірлігі мен ынтымағы керектігін айтты.
– Ол үшін Үкімет пен әкімдер кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізуі қажет. Отанымыздың көркеюі әркімнің жаңа «цифрлық дәуір» талаптарына сай болуына байланысты. Осыны әрбір қазақстандық терең түсінуі керек. Қазақстанның жарқын болашағы жолында барлық мақсаттарға қол жеткізетінімізге кәміл сенемін! – деді Президент.
Последнее изменение Среда, 10 Январь 2018 04:18
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.