Шымкенттегі Астана даңғылын Н. Назарбаев есімімен атауды ұсынды

Среда, 10 Январь 2018 08:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 396 раз
35eea261-4e34-409a-a6bd-b71f0f0ce95f111Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы өтті, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
 
Жиынның күн тәртібінде 6 мәселе қаралды.   Басқосуға облыс әкімі Ж.Түймебаев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық, аумақтық департамент, басқарма басшылары  қатысты. Сессияның жұмысын облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д. Әбіш жүргізіп отырды.
 
Бірінші кезекте халық қалаулылары облыстық мәслихаттың «2018-2020 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу жайын талқылады. Бұл туралы облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Арман Сәбитов баяндама жасады.
 
Сондай-ақ, сессия барысында облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу мәселесі де қаралды.          
 
Сессияда  «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
 
Күн тәртібінде «Оңтүстік  Қазақстан облысының Құрметті азаматы»  атағын беру туралы» мәселе бойынша  облыс әкімі аппараты басшысының міндетін атқарушы Қанат Төлендиев сөз алып, марапатталатындардың есімдерін атады.
 
Мұнан соң баяндама жасаған облыстық мәслихаттың мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Өмірзақ Мелдеханов облыстың әкімшілік-іскерлік орталығы орналасқан Астана даңғылын еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен  атауды ұсынды. Халық қалаулысының бұл ұсынысын мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады.
 
Сессияны қорытындылаған облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Елбасымыз биылғы Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Жолдауында аталған негізгі 10 бағыт бойынша атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.
 
«Елбасы Жолдауында бірінші бағыт - «Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс» деп атап көрсетті. Бұл бағыттағы жұмысты Оңтүстік Қазақстан облысы барынша жеделдететін болады. Өңірімізде 11 индустриялды аймақтың әлеуетін барынша пайдалануды тиімді тұрғыдан жүзеге асыруымыз керек. Елбасының екінші қойып отырған міндеті «Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.  Өңірімізде бұл бағытта да келелі жұмыстар қолға алынып отыр», - деді Жансейіт Қансейітұлы.
 
Өңір басшысы 2018 жылы облыстық бюджет көлемі 504,6 млрд. теңгеге ұлғайып отырғанын да  жеткізді.  Ол сондай-ақ, биылғы жылы ауыл шаруашылығын субсидиялауға және микрокредиттеуге 6,8 млрд. теңге қарастырылып отырғанын мәлімдеді.
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.