Версия для печати

Оңтүстікте 11 салада «Ақылды қала» жүйесі ендірілмек

Четверг, 11 Январь 2018 11:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2754 раз
Оцените материал
(1 Голосовать)
343453453453540Оңтүстікте қала өмірін оңтайландыру мақсатында «Smart-City» – «Ақылды қала» жүйесі ендіріле бастады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
 
Бүгінгі таңда «Ақылды қаланың» үлгілік концепциясы бекітіліп, мақсат-міндеттер айқындалған. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланған жиында айтылды. Өңірді басқаруда бұл жүйе тиімді тәсіл болатынын айтқан облыс әкімі бұл бағыттағы жұмыстар «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасының Жолдауы негізінде ары қарай дамытылуы қажет екенін атап өтті.
 
– Жолдаудың оныншы қадамында Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады-деп атап көрсетті. Сондықтан да халықтың компьютерлік сауаттылығын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып, цифрлық жүйеге көшуді жоспарлы түрде жүзеге асыруымыз қажет, – деді Ж.Түймебаев.
 
Сонымен «Ақылды қала» жүйесін дамыту бағытына 11 сала енгізілген. Олар - білім, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әлеуметтік сала, көлік, мемлекеттік басқару, ауыл шаруашылығы, экология, туризм, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен құрылыс саласы. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында білім саласы бойынша біршама смарт-жүйе жүзеге асырылуда. Мәселен, оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында облыстағы 779 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілді. Сонымен қоса адами фактор мен сыбайластық әрекетті болдырмау мақсатында балғындарды балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде қабылдау жобасы енгізілді. Қазіргі таңда 23 мыңнан астам бүлдіршін қаланың балабақшаларына осы жүйе арқылы орналасса, тіркелу үшін 64 мыңнан астам жолдама берілген.
 
Бұған қоса қалада педагогикалық ұжымды іріктеу жүйесін автоматтандыру мақсатында «Т-hunter» бағдарламасы енгізілді. Осы арқылы шымкенттік мұғалімдер жұмысқа электронды түрде қабылдануда. Жобаны жүзеге асыру барысында 700-ден астам үміткер қатысып, оның 491 жалпы орта білім беру ұйымдарына мұғалім ретінде жұмысқа алынған. Алдағы уақытта бұл жобаны өзге аудандарда ендiру жоспарлануда.
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.