Нұрлан Бекназаров: Жолдау үлкен жауапкершілік жүктейді Избранное

Среда, 17 Январь 2018 08:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3005 раз

Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кезекті Жолдауын жариялады. Бұл - өткенімізді саралап, болашаққа бағыт-бағдар беретін құнды құжат.

 DSC2215

Елбасы кіріспе сөзінде дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқталды. «Көл-көсір мұнайдың» дәуірі аяқталып, елімізге дамудың жаңа сапасы қажет екенін айтты. Және ол мақсатқа жеткізетін 10 негізгі басымдықты көрсетті. Әр бағытта алдағы уақытта бүкіл халық болып атқарылатын нақты міндеттер көрсетілген.

Жолдаудағы үшінші басымдықта «Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды. Аграрлық ғылымды дамыту мәселесі басты назарда болуға тиіс» делінген. Бұл аграрлық аймақ саналатын біздің облысымыз үшін үлкен міндеттер кешенін қолға алуды міндеттейді.

Жолдаудың оныншы қадамында Мемлекет басшысы «Ақылды қалалар» өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомотивтеріне айналады» деп атап көрсетті. Сондықтан халықтың компьютерлік сауатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандырып, цифрлық жүйеге көшуді жоспарлы түрде жүзеге асыруымыз қажет. Қазірдің өзінде Шымкент қаласында білім саласы бойынша біршама смарт-жүйе жүзеге асырылуда. Мәселен, оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында облыстағы 779 мектепте «Күнделік» жүйесі енгізілді. Сонымен қоса адами фактор мен сыбайластық әрекетті болдырмау мақсатында балғындарды балабақша мен 1 сыныпқа электронды түрде қабылдау жобасы енгізілді. Қазіргі таңда 23 мыңнан астам бүлдіршін қаланың балабақшаларына осы жүйе арқылы орналасса, тіркелу үшін 64 мыңнан астам жолдама берілген.

Осылайша Президент Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айқындап берді. Енгі кезекте ондағы міндеттерді абыроймен атқару жалпы халыққа, оның ішінде мәслихат депутаттарына үлкен жауапкершілік жүктейді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.