Версия для печати

Коммуналдық секторға – заманауи техника Избранное

Среда, 28 Февраль 2018 04:06 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3852 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкентте «Қаланың жылу және ыстықсу жүйесі: қазіргі жағдайы және даму әлеуеті» энергетика форумы өтті. Шаһар әкімдігі ұйымдастырған форумның мақсаты – Шымкент қаласындағы жылу және ыстық сумен қамтамасыз етудегі қазіргі жағдайды талқылау, алдағы уақытта даму жолдарын іздеу.

Жиынға дүние жүзінің жетекші компаниялары, мамандандырылған сараптамалық қауымдастық және жобалық институттар, ғалымдар, халықаралық қаржы ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары мен түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Форум барысында жылу жүйесі және ыстық сумен қамту мәселесінде қалалық әкімдік пен «DanfossA/S» және «KazAeroSpace» компаниялары арасында меморандумға қол қойылды.

KazAeroSpace-2

ТҮКШ саласы ғарыштан бақыланады

«KazAeroSpace» компаниясы мен қалалық әкімдік жоғары технологиялар аясында келісім жасап отыр. Компанияның бас директоры Бағлан Қазиевтің айтуынша, бірқатар инновациялық жобаларды іске асыру арқылы мегаполистің ғылыми-техникалық әлеуеті мен қолданыстағы энергетика саласын жетілдіруге болады.

Бұған қоса тұрғын үй-коммуналды шаруашылық мен көлік саласына аэроғарыштық мониторинг жасап, дамытуға мүмкіндік бар.

Айта кетейік, «KazAero-Space» компаниясының негізгі қызметі – экономиканың түрлі салаларына жоғарғы технологияларды ендіру, отандық ғарыш технологияларын коммерциалау және IT технологияға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмін енгізу. Компания жобаларының ішінде Алматы қаласының автоматтандырылған 3D геоақпараттық жүйесін құру және Ақмола облысындағы жер қойнауын пайдалануға ғарыштық мониторинг жасау жобалары бар.

KazAeroSpace-1

«Жасыл экономика» концепциясы

Бұған қоса осы форум барысында қалалық әкімдік пен Данияның «DanfossA/S» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды.

«Жасыл əкімдік» жобасы аясындағы бұл құжаттың мақсаты – әкімдік жұмысының құрылыс және коммуналдық секторына заманауи технология мен энергия көздерін енгізу. Жаңа тұжырымдаманы дат мамандары бірнеше бағытта іске асырмақ.

Жаңа жобада су және электр энергиясын үнемдеуде озық технологияны енгізу, автоматтандырылған жылу нүктесінің сызбасын жасау, әкімшілік ғимаратын ыстық сумен қамту, сондай-ақ қалалық әкімдіктің қажеттілігіне байланысты электрмобильді қолдануға сатылап көшу көзделуде. Сарапшылардың айтуынша, бұл жобаның нәтижесінде қоршаған орта жақсарады және бюджет қаржысы үнемделеді.

Халықаралық «DanfossA/S» концерні жылу және өнеркәсіптік автоматикасын жасаумен айналысады. Бұл компанияның негізі 1933 жылы қаланған, әлемнің 25 мемлекетінде 93 зауыты бар.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.