Солтүстікте 3 857 бос жұмыс орны бар Избранное

Пятница, 20 Апрель 2018 03:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 424 раз

Шымкентте бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оның бір ерекшелігі – өңіріміз ғана емес, солтүстік облыстардан бос орындар ұсынылды.

DSC 0001

Абай саябағындағы «Көркемсурет» галереясында өткен жәрмеңкеде жергілікті 214 жұмыс беруші 1 745 бос орын ұсынды. Ал Солтүстік өңірлерден 900-ден аса жұмыс беруші қатысып, 3 857 бос жұмыс орнына маман шақырды. Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы 4 мыңнан астам жұмыс іздеуші азаматты жәрмеңкеге шақырған.

Яғни, ол азаматтар ұсынылған бос орындар бойынша өзіне ыңғайлы кәсіпті таңдауға мүмкіндік алды. 2017 жылы еліміздің Солтүстік өңірлерінен ұсынылған бос жұмыс орындарына орналасу мақсатымен 360 отбасы қоныс аударуға ниет білдіріп, қазіргі таңда 51-і көшіп, жайғасып алды. Оның 28-і Солтүстік Қазақстанға, 2-уі Қостанай, 10-ы Павлодарға, 11-і Шығыс Қазақстан облысында қоныс тепкен.

DSC 9851

Жалпы, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында соңғы екі жылда 23 мыңнан астам азамат әлеуметтік қолдауға ие болған. Сонымен қатар Бағдарлама шеңберінде 1100 жас түлек жастар практикасына қатысуға ниет білдірген және 2000-ға жуық жұмыссыз азамат қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға қатысуда. «Тағы 700-ден астам азаматты ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау бүгінгі күннің басты мақсатына айналып отыр» дейді жәрмеңкені ұйымдастырушылар. Қалалық әкімдік өкілдері мұндай жәрмеңкені алдағы уақытта да ұйымдастырмақ.

Ақмарал МОЛДИЯРҚЫЗЫ

2004 жылы ОҚГА, журналистика факультетін бітірген. Бұған дейін «Ақиқат-Истина», «Оңтүстік спорт» газеті мен «Ерқанат-спорт» баспасөз орталығында, «Ернұр» корпорациясында және М. Әуезов атындағы ОҚМУ-да жұмыс істеген. 2016 жылдың мамыр айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі.