Версия для печати

Отан қорғау – қастерлі борыш Избранное

Пятница, 11 Май 2018 04:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2949 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент әскери гарнизонында Отан қорғаушылар күніне орай ашық есік күні өтті.

DSC 6038

Салтанатты іс-шарада сарбаздар 7 лекте шерумен жүріп өтті. Шеруге гарнизонға қарасты әскери бөлімдер мен Кеңес Одағының батыры Сабыр Рахымов атындағы «Жас Ұлан» мектебінің жауынгерлері қатысты.
Мерекелік жиынға қатысқан қала әкімі Нұрлан Сауранбаев барша тұрғындар мен жауынгерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.
– Отан қорғаушылар күні Отанды қадірлейтін, ерлік пен жауынгерліктің үлгісін паш еткен нағыз ерлердің мерекесіне айналды. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен армияның жаңғыртудың басым бағыттары мен нақты даму міндеттері айқындалған. Қазақ елінің көк байрағы мәңгі бейбітшілік аспанында желбірей берсін, – деді қала әкімі.
Мұнан соң шаһар басшысы бірқатар азаматтарды марапаттады. Оның ішінде 5 азамат ҚР Қорғаныс министрінің «Мінсіз қызмет үшін» медалімен марапатталса, 16 азаматқа ОҚО әкімінің грамотасы мен алғыс хаты табысталды. Концерттік бағдарламамен жалғасын тапқан мерекелік іс-шарада жауынгерлер түрлі жаттығулар көрсетіп, патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар мерекелік басқосуға жиналған көпшілік тікелей трансляция арқылы Жамбыл облысындағы «Отар» әскери полигонында өткен
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің жауынгерлік парадын
тамашалады.

Последнее изменение Пятница, 11 Май 2018 11:28
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.