Версия для печати

Ер есімі - ел есінде Избранное

Среда, 16 Май 2018 05:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2544 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Аманолла Рамазановтың құрметіне Шымкентте ескерткіш тақта ашылды.

DSC 8085

Ер есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында ашылған ескерткiш тақта қайраткердің 1970-1985 жылдары тұрған үйіне қойылды.
Шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген «Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестігі төралқасының төрағасы Рүстем Қайдаров Аманолла Рамазановтың кісілік келбеті, басшылық қызметтегі парасаты туралы айтып өтті.
Аманолла Рамазанов 1970-78 жылдары Шымкент облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды. Мемориалдық ескерткiш тақтаның ашылуына қала әкімнің орынбасары Қайрат Нұртай, Астана мен Алматы, Павлодар қалаларынан қызметтес болған азаматтар жиналды. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан туған-туыстары мен артында қалған ұл-қыздары мемлекет және қоғам қайраткерінің рухына Құран бағыштап, дастархан жайды.