Версия для печати

Ақпараттық хабарлама

Понедельник, 30 Июль 2018 05:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2311 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүргізуші куәлігін ауыстыру үшін келетін азаматтардың саны күрт өскенін хабарлайды.

Осы орайда, азаматтар жүргізуші куәліктерін (ЖК)мамандандырылған ХҚО-ға бармай-ақ, кез-келген уақытта электрондық үкімет порталы арқылы ауыстыра алатынын естеріңізге саламыз. Бұл әдіс ұзын-сонар кезекте тұру мәжбүрлігінен құтқарып қана қоймай, уақытты үнемдеуге де мүмкіндік береді.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін алу оңай әрі жылдам. Алдымен еgov.kz порталына кіріп, электрондық өтінішті толтырып, электрондық цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолының скан-суреті де жолданады. Жеке кабинетке құжаттың дайын болғандығы туралы хабарлама келген соң (мобильді азаматтар базасына тіркелген жағдайда хабарлама SMS түрінде келеді) мамандандырылған ХҚО-ға барып, дайын ЖК алып кетуге болады.
Бөлімге барғанда, ауыстыратын ЖК, жеке басыңызды куәландыратын құжатты, өтініш пен баж салығын төлеу туралы электрондық чекті ұсыну қажет. Айта кетсек, жүргізуші куәлігінің баж салығы бұрынғыдай 1,25 АЕК, яғни 3 006,25 теңгені құрайды.
Егер ЖК мерзімі өтіп кетсе, психиатрлық және наркологиялық диспансерден анықтама, 083-нысандағы медициналық анықтаманы апару қажет.
Жүргізуші куәлігін онлайн тәртіпте ауыстыру қызметін биыл жыл басынан бері 1,6 мың адам пайдаланған.

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Баспасөз қызметі

Последнее изменение Понедельник, 30 Июль 2018 05:10
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.