Версия для печати

Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО-да 17-ші аймақпен нөмірлік белгісі беріле бастады

Понедельник, 30 Июль 2018 05:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2944 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«17» сандық белгілік нөмірдің алғашқы иелерінің бірі Шымкент қаласының тұрғыны Әлия Оңалбек болды. Бүгін ол өзінің автокөлігін мамандандырылған ХҚО-да рәсімдеді.

Баршаңызға белгілі, жақында Шымкент республикалық маңызы бар қаланың мәртебесін алды, ал Түркістан облыстық орталыққа айналды.
Осыған байланысты автокөлік құралдарын рәсімдеу кезінде өзгерістер орын алды. Енді Шымкент қаласының тұрғындарына«17» сандық нөмірлі белгілер шығарылатын болады. Ал, Түркістан облысында автокөлік жүргізушілері үшін «13» сандық нөмірі өзгеріссіз қалады. Айта кетейік, «Автокөлік құралдарын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандартына сәйкес, Шымкентті қоса алғанда, басқа аймақтарда да өзгеріс болмайды.
Түркістан облысының тұрғындарының сөзіне қарағанда, Шымкенттің 8 ХҚО-ғын есепке алғанда, мемлекеттік корпорацияның 25 фронт-офисі қызмет көрсетеді. Солардың бірі – автокөлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәлігін беру мемелкеттік қызмет түрлерін көрсететін мамандырылған ХҚО. Сондай-ақ, мамандандырылған ХҚО ғимаратында қажеттілігіне қарай, жүргізуші куәлігін алу үшін нарколог, психиатр анықтамаларын алып, медициналық тексеруден өте алады. Одан бөлек, автожүргізушілер көліктерін Түркістан және Сайрам аудандарындағы мамандандырылған ХҚО секторы арқылы тіркеуге болады.
Шымкенттегі мамандандырылған ХҚО арқылы жыл басынан бері 25 мыңнан астам жүргізуші куәлігі беріліп, 130 мыңнан астам автокөлік тіркелген.

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ

АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі

                               87777730446

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.