Коворкинг-орталығында бас қосты Избранное

Пятница, 14 Сентябрь 2018 04:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3453 раз

Шымкенттік «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері аталған республикалық ұйым төрағасы Данияр Сүндетбаевпен жүздесті. Үшінші мегаполиске табан тіреген ол жақында «Отырар» өңірлік әмбебап ғылыми кітапханасында ашылған коворкинг-орталықта жастармен еркін форматта кездесу өткізді.

жас отан

Таяуда «Нұр Отан» партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев еліміздің үшінші мегаполисіне арнайы келіп, шаһар басшысы Ғабидолла Әбдірахымовпен бірге «Отырар» өңірлік әмбебап ғылыми кітапханасында ашылған коворкинг-орталығында болған еді. Cонда Мәулен Сағатханұлы«Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі - халықтың білімге деген құштарлығын арттыру» деген болатын. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы еліміздегі кітапханалардың қызметін жаңғыртып, оларды жаңа заманға сай коворкинг-орталық ретінде қайта құру жобасын қолға алды. Себебі, кітапханалар тек кітап оқитын орын емес, түрлі семинарлар, тренингтер, дәрістер өтетін, жастар жиі бас қосатын нағыз білім орталығы болуы тиіс. Сондықтан осындай орталықтарды мазмұнды, мәнді дүниелермен толтыруымыз керек. Жобаның негізгі мағынасы да осы, яғни дәстүрлі кітапханаларға жастарды тартып, олардың кітап оқуына, сапалы білім алуына жағдай жасау екенін тілге тиек еткен-ді. Осыны қаперінде сақтай білген шымкенттік жастар мен «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы орталықта еліміздің бүгіні мен болашағы жөнінде сұхбат құрды. «Қазір ғаламтор дәуірі. Дегенмен сіздер кітап оқудан алшақтап кетпеулеріңіз керек. Кітап - білім көзі, өмірдегі айнымас ақылшыларыңыз»,-деді саяси ұйым өкілі.
Сонымен бірге кездесуде жастар алда атқарылар мақсат-міндеттерін тағы бір пысықтап алды. Кездесу соңында студенттер өзара ой бөлісіп, пікір алмасты. Елордадан жеткен қонаққа гитара ұсынып, қолқа салған жастар бірге ән салып, көтеріңкі-көңілде тарқасты.