Қайта өңдеу – әлеуеті мол сала Избранное

Понедельник, 08 Октябрь 2018 03:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2266 раз

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арналған Жолдауын тыңдадық.

Әбішев

Президент өз Жолдауында шағын және орта бизнестің ел экономикасының негізі екеніне тоқталып, оның ішінде қайта өңдеу өндірісін жандандыруды тапсырды. Осы орайда Мемлекет басшысы еліміздегі барлық тәжірибені қарап шыққанын тілге тиек етіп, «Бөрте-Милка» ЖШС роботтандырылған жүйелер мен өзге де инновацияларды енгізу арқылы сүт өндірісін 2 есеге көбейткен» деп, біздің кәсіпорынды атап өтті.
Шынын айту керек, біздің «Бөрте Милка» компаниямыздың аты аталып, үлгі ретінде көрсетілгені кәсіпкер ретінде бізді бір қуантып қойды.
Расында да компаниямызда қайта өңдеу ісін мықты жолға қойылған. Өнімдерімізді елдегі және халықаралық талаптарға барынша сай етіп шығаруға тырысып жүрміз. Біздің кешен - өңіріміздегі роботтандырылған сүт-тауарлы ферма және Қазақстандағы ең заманауи сүт фермаларының үздік үштігіне енеді.
Президент Жолдауында, сонымен қатар, «Қазақстанда ауыл шаруашылығы мамандарын жаңа технологиялар бойынша оқыту керек» деді. Сондай-ақ, 2022 жылға қарай еңбек өнімділігін ұлғайтып, өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге арттыру керегін тапсырды. Мемлекеттік қолдаудың барлық шараларын заманауи агротехнологияларды тартуға бағыттау керегін де айтты.

Нұралы Әбішов,
«Бөрте-Милка»
компаниясының 
құрылтайшысы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.