Жалған ақпарат жарға жығады Избранное

Пятница, 12 Октябрь 2018 04:47 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2725 раз

Күнделікті тұрмысымызда, жұмысымызда да ғаламтордың көмегіне жүгінеміз. Қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай атамыздың «… Айшылық алыс жерлерден, көзді ашып жұмғанша, жылдам хабар алғызды» деп армандап кеткен мұратына қазіргі ұрпақтары, яғни біздер жетіп отырмыз. Алайда ақылға салып қарасақ кез келген нәрсенің күнгейі мен көлеңкелі жағы болатынын ескере бермейміз.

e00fba6fedfb8a49e13346f7099a23fc-896x598

Ғаламтордың осындай жетістігі мен қолжетімділігін қара ниеттілер де өз мақсаттарына жету үшін тиімді қолдануда. Өкініштісі, экстремистік және террористік ұйымдардың халыққа ақпарат арқылы әсер етуді кеңінен қолдануы олардың қызметінің ажырамас бөлігіне айналды. Ең алдымен экстремистік және террористік ұйымдар ғаламторды желі қолданушылардың әлі қалыптасып үлгермеген санасына ықпал ету үшін қолданады. Яғни, олардың негізгі нысанасы әлеуметтік жағдайы мен дүниеге деген көзқарасы толық қалыптаспаған жастар болып табылады. Мұндай әрекеттің бір қала немесе бір елмен шектелмейтіндігі белгілі, бұл экстремистік және террористік ұйымдар үшін өте маңызды. Олардың қызметі өздерінің идеологиясын белсенді түрде насихаттауға, жаңа мүшелерді өз қатарларына тартуға, жақтастарын теориялық және практикалық тұрғыдан оқытуға және өздеріне қарсы шыққан желі қолданушыларына қарсы ақпараттық күрес жүргізуге бағытталады.
Экстремистік және террористік ұйымдар жеке веб-сайттарын құрумен қатар порталдардағы, әлеуметтік желілердегі группа (топ), парақша, пабликтерде де жұмыс жүргізеді.
Ғаламтордан ізгі ой мен інжу іздеймін деп қадірін қашырып, тіпті соңы қара жәшіктің құлақ кесті құлына айналып жатқандарды жиі кездестіретін болдық. Ең сорақысы, ондағы ақпараттың ағымына еріп шетелдегі қанды қырғынға қатысқандар қаншама. Енді біреулері жалған жарнамаға елітіп темір тордың арғы жағынан шығып жатқаны да жетерлік.
2016 жылы ғаламтор желілерінде радикалды, экстремистік көзқарастағы бейнематериалдар мен жазбаларды таратқандығы үшін 100 ге жуық азамат бас бостандығынан айырылды.
2017 жылы еліміздің 20 азаматы әлеуметтік желідегі сөздері үшін сотталды. Олардың: 16-сы бас бостандығынан айырылды; 1-еуі
Қазақстанның унитарлығы мен тұтастығын бұзуға шақырғаны үшін 5 жылға түрмеге жабылды; 15 азамат терроризмді насихаттап, теракт жасауға шақырғаны үшін 2 жылдан 9 жылға дейін абақтыға қамалды; 2-уі - әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру бойынша бас бостандығы шектелді; 1 азамат билік өкілін балағаттағаны үшін 227 мың теңге айыппұл төледі.
2018 жылдың басынан бері Түркістан облысы бойынша 14 азамат ғаламтор құрбандарына айналып отыр.
Соның ішінде Сайрам ауданы Қарабұлақ аулының тұрғыны 21 жастағы Д. Бердімұратовқа «терроризмді насихаттады» және «діни алауыздықты қоздырды» деген айып тағылып бес жылға сотталды. Прокурордың сөзінше, Бердімұратов халықаралық террористік ұйымның көзқарасына жататын материалдарды 2015 жылдың сәуірінде жеке парақшасына жариялаған. Д.Бердімұратов «кінәсін ішінара мойындайтынын, бірақ видеоны парақшасына қашан жариялағанын білмейтінін» және кездейсоқ жүктелген видео екенін айтып, жылап тұрып «бұл ісіне өкінетінін» жеткізді.
Естеріңізге сала кетсек, жаңа Қылмыстық кодекске сәйкес:
1. Қауесет таратқан адам қылмыстық жауапкершілікке тартылатын болады. «Жалған мәлімет тарату» бапта ең ауыр жаза ретінде 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. БАҚ немесе әлеуметтік желі арқылы өсек таратқан адамға 5 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салу, осындай көлемде түзету жұмыстарына жіберілу, бас бостандығынан 2-5 жылға дейін шектелуі немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
2. Жаңа технологияны пайдалана отырып лаңкестік және экстремизм көрінісін, радикал идеологияны таратуға жауапкершілік қатаңдай түсті.
3. Енді шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқан адам қылмыстық жазаға тартылады. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Биыл Үкімет тарапынан да әлеуметтік желідегі жалған ақпарат туралы бірнеше рет мәселе көтерілді. Олар:
– Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл тағайындалғандығы туралы жалған хабарламалар;
– WhatsApp топтарында Жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұлдың салынуына қатысты хабарламалдардың әртүрлі фейк-скриншоттары;
– Оқулықтарға қатысты фейк суреттер жариялағандарға қылмыстық іс қозғалды;
– Оқулықтағы интимдік сурет деп жалған ақпарат таратқандар;
Елімізде жүріп Сириядағы қарулы қақтығысқа кеткен туысымен ғаламтор арқылы байланысып құрыққа түскендердің бірі – Түркістан облысы Сарыағаш қаласының 19 жастағы тұрғыны азаматша З.Тұрғынбай ҚР. ҚК. 256 бабының 2 – тармағы бойынша 5 жылға бас бостандығынан айырылған.
– Менің дінге деген қызығушылығым жастайымнан оянды. Бірақ жүйелі түрде ешбір жерден діни тәлім алмағандықтан ақ пен қараны, дұрыс пен бұрысты ажырататындай қабілетте болмадым. Менің басты қателігім діни ақпараттарды ғаламтордан іздедім. Соның нәтижесінде интернеттегі ақпараттардың барлығын дұрыс деп қабылдап, түпкі мақсаты белгісіз елімізде рұқсат етілмеген жалған шейхтардың уағыздарын тыңдап жүріп, ақыры Сирияда құрғалы жатыр деген Ислам мемлекетіне баруға бекіндім. Нәтижесінде қамауға алынып жазамды өтеп шықтым. Сондықтан жастарға айтарым сәләфизм ағымынан сақ болып, діни ақпаратты әлеуметтік желілерден емес, жергілікті имамдар мен дінтанушылардан алған жөн, – деді З.Тұрғынбай.
Сондықтан да желіде кез келген ақпаратты көшіру, жариялау, тартуда өте сақтық танытып, жан-жақты електен өткізген жөн. Бұл әрине, алаң тудыратын мәселе. Әсіресе, оқушылар мен жастар үшін. Әлеуметтік желіде «ерігіп» отырған олар, ойланбай жазған бір сөзі үшін өмір бойы опық жеуі мүмкін.

Файзулла ТАЙТЕЛИЕВ,
дінтанушы

Последнее изменение Пятница, 12 Октябрь 2018 05:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « Қош, Шераға! Еңбегі ерен ардагерлер ардақталды »