Версия для печати

Еңбегі ерен ардагерлер ардақталды Избранное

Пятница, 12 Октябрь 2018 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3022 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Өңіріміздің мәдениет және ақпарат саласына еңбегі сіңген ардагерлері құрметке бөленді. Қаладағы кәсіподақтар орталығына жиналған облысқа белгілі азаматтар Халықаралық қарттар күні аясында марапатқа ие болды.

 DSC3548

Мерекелік шараны ұйымдастырған қазақстандық салалық мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бастарбек Пірімбетов пен облыстық кәсіподақтар орталығы төрағасының орынбасары Серік Әуесханов ардагерлерді қарттар күнімен құттықтап, олардың мәдениет саласының дамуына өлшеусіз үлес қосқандарын атап өтті.
Бұл күні зейнетке шыққан 20-дан астам ардагер облыстық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің салалық кәсіподағы, «Нұр Отан» партиясының облыстық филалы және облыстық ардагерлер кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Құрметке бөленгендердің қатарында өнер майталмандарынан Құрманбай Шойынбеков, Құралай Сәтмұхамбетова, Райымқұл Темірбаев, режиссер Әскер Құлданов, ақпарат саласының үздіктерінен Асхан Майлыбаева, Людмила Ковалева, сонымен қатар археолог-фототілші Александр Грищенко мен ұзақ жылдар бойы облыстық кітапханаларды басқарған, өңірдің мәдени әлеуетін дамытуда сүбелі үлестерін қосқан еңбек ардагерлері болды.
Дөңгелек үстел басында барлық марапат иелерінің өңірдің экономикалық-мәдени дамуына қосқан үлестері мен еңбек жолындағы жетістіктері де сөз болды. Жиын соңында ардагерлер кәсіподақ басшылығына алғыстары мен жылы лебіздерін білдіріп тарқасты.