"Азаматтарға арналған үкіметтің" жаңа филиалы ашылды

Среда, 17 Октябрь 2018 08:19 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3274 раз

 photo 2018-02-01 11-18-51

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында өзгерістер орын алды. Аймақтың қайта құрылуына, Шымкент қаласы республикалық мәртебесін алып, ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшірілгендігіне байланысты, мемлекеттік корпорацияда жаңа филиал пайда болды.

Түркістан облысының тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша 24 фронт-офис, 5 сектор жұмыс істейді, оның ішінде 2 сектор мамандандырылған ХҚО секторы болып табылады.

Мемлекеттік корпорацияның Түркістан облысы бойынша әкімшілігі Түркістан қаласы, Төле би көш, 63 ғимарат. индекс 161200, Реквизиттері: БСН 180541003290, KZ446010291000066755, БСК HSBKKKZKХзаңды мекенжайына ауыстырылды.

Шымкент қаласының тұрғындары мемлекеттік қызметтерді мамандандырылған ХҚО мен көші-қон орталықтарын қоса алғанда жалпы саны 10 фронт-офисті құрайтын ХҚО-дан ала алады.

Шымкент қалалық филиалдың заңды мекен-жайы: индекс 160011, Шымкент қ, Әл-Фараби ауданы, Мәделі Қожа көш, 1/16 ғимарат. Реквизиттері БСН 180941014697, БСК HSBKKZKX.

Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді рәсімдеу, сонымен қатар мерзімдер мен тізімдер өзгеріссіз қалады.

Айта кету керек, ауыл шаруашылық қызметтері оның ішінде субсидиялау бойынша, заңды тұлғаларды тіркеу және қайта тіркеу, медицина, құрылыс саласы және оралман мәртебесін алу үшін рұқсат беру құжаттарын оның ішінде лицензия және хабарлама дайындау мемлекеттік қызметтері бойынша аймақтық ХҚО-ға жүгіну қажет.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕАҚ Шымкент қаласы

бойынша баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.