Әдеп жөніндегі кеңес – әлеуметтік желіде Избранное

Пятница, 19 Октябрь 2018 03:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4098 раз

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласындағы әдеп жөніндегі кеңес мүшелері хабарлайды: мемлекеттік қызметшілер тарапынан әдептілік талаптарын өрескел бұзу деректеріне куә болсаңыз, департаменттің 51-51-51 сенім телефонына, әлеуметтік желідегі facebook.com/depshymkent парақшасына немесе 8-702-201-51-51 нөміріне WhatsApp хабарласуға болады.

Әдеп жөніндегі кеңес-2

Жуырда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов, әдеп жөніндегі кеңес мүшелері Н.Бұхарбаев пен С.Әуесханов, сондай-ақ, қалалық «Нұр Отан» партиясы төрағасының орынбасары Б.Қуанышбеков мемлекеттік қызметшілердің әдебі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, мемлекеттік қызметшілерге қатысты арыз-шағымдар, ұсыныстар бойынша қоғамдық қабылдау өткізді.
Шымкент қаласының тұрғыны Искандер Құнанбаевтың өнер саласында кәсіп ашуға қолдау көрсету туралы өтініші қаралып, тиісті шешім қабылдау үшін Шымкент қаласының кәсіпкерлік басқармасы мен ОҚО кәсіпкерлер палатасына жолдау туралы келісілді.
Сонымен қатар азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетушілердің құқықтары мен міндеттері жайлы айтылып, жастарға болашақта мемлекеттік қызметке кіру тәртібі мен мемлекеттік қызметтің жауапкершілігі мен міндеттері жайлы мағлұматтар берілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары А.Шілманов мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім екенін атап өтіп, әр мемлекеттік қызметшіге мол жауапкершілік жүктелетінін, мемлекеттік қызметшінің басты міндеті - халыққа қызмет көрсету екенін тағы бір рет нақтылады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.