Қарияларға демеу болғандар Избранное

Среда, 31 Октябрь 2018 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2283 раз

«Нұр Отан» партиясының Шымкент қалалық филиалының өкілдері әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкері күніне орай Шымкент қаласы тұрғыны, жалғызілікті тыл ардагері Құралай Әлиқұлованың үйіне барып, қарияға қызмет көрсететін әлеуметтік қызметкер Айгүл Төленованы құттықтады.

16

 

А.Төлегенова әлеуметтік қызметкер болып 2 жылдан бері қызмет атқарады. Бүгінде қалада 8 жалғызілікті азаматқа әлеуметтік-психологиялық, тұмыстық көмек көрсетіп келеді.
«Адамдарға көмект көрсету жаныма жақын болғандықтан осы салада қызмет етуді таңдадым» дейді Айгүл Болатханқызы. Аптасына екі рет Құралай апаның үй шаруасына жәрдемдесетін әлеуметтік қызметкер қарияның бос отырмайтынын айтады.
– Құралай апа 88 жасқа келгеніне қарамай жүннен киім тоқып, өзгелерге сыйлағанды, тігіс тіккенді ұнатады. Мәдени іс-шараларға да жиі қатысып тұрады. Мінезі ашық, барлығына көмек көрсетуге дайын және кішкентай балалармен тез тіл табысады, - дейді әлеуметтік қызметкер.
Айта кетейік, қазіргі таңда Шымкент қаласы әкімдігінің «Халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» мекемесінің 94 әлеуметтік қызметкері жалпы 687 қызмет алушыға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.

Последнее изменение Среда, 31 Октябрь 2018 11:45