Ел ағасы жастарға ой салды Избранное

Пятница, 09 Ноябрь 2018 04:49 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2843 раз

Белгілі жазушы, қоғам қайраткері Мырзагелді Кемел Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерімен кездесті.

65

 

Экономика ғылымдарының докторы жоғары оқу орнында жастармен «Қазақстан және бүгінгі экономика» тақырыбында кездесуі өтті. Мырзагелді Кемел сонау ел тәуелсіздігінен бастап бүгінгі экономикалық ахуалды әңгімеледі. Жастар жағын Қазақстанның көршілес елдермен сауда-қатынасы және кәсіпкерліктің ел экономикасына берер пайдасы қызықтырды. Жиынға қатысқан ақын Нармахан Бегалыұлы студент жастарға бос уақытты дұрыс пайдалану, туған жерге қызмет ету жайына тоқталды.
Айта кетейік, Мырзагелді Кемелдің руханият саласында 10 кітабы шыққан. Олардың ішінде ізгілікке, имандылыққа, білім-білікке, ақыл-парасатқа үндейтін танымдық, көсемсөздік еңбектеріне қоса «Абзалдық әліппесі», «Өзіме сабақ» сияқты кітаптарын оқырман қауымы жоғары бағалады.

Последнее изменение Пятница, 09 Ноябрь 2018 09:57