«МЕН ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙМІН!» Избранное

Среда, 14 Ноябрь 2018 05:20 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3007 раз

Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында өткен акцияға Шымкентте 300-ге жуық адам қатысып, қоғамдық орындарда мыңға тарта үнпарақ пен ақпараттық флаерлер таратылды. Тіліміздің мерейін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, 50-ден астам видеоролик түсірілді.

72

 

Қалада апта бойы жалғасқан акцияны Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов қорытындылап, белсене қатысқан ұжымдар мен азаматтарға алғыс білдірді.
Игі бастаманың өз деңгейінде өтуіне Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар ісі басқармасы, тілдерді оқыту-әдістемелік орталығы, аудан әкімдіктері мен қаладағы түрлі этнос өкілдері де атсалысты. Мемлекеттік тілде сөйлеу - әр қазақстандықтың міндеті деп санайтын қалалық кәріс этно-мәдени бірлестігінің мүшесі Темур Пак мұндай іс-шараға қатысуды үлкен мәртебе деп біледі.
– Әлемде қазақ халқындай жүрегі кең, көңілі дархан ұлт жоқ деп санаймын. Қиын-қыстау кезеңде барша этностарды құшағына алып, бауырына басты. Өз басындағы қиындығына қарамай бір нанын бөліп берді. Ендеше, Қазақтың нанын жеген адам, тілін де білуі тиіс, - деді Т.Пак.

Последнее изменение Среда, 14 Ноябрь 2018 07:25
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.