ДАУЛЫ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Вторник, 20 Ноябрь 2018 10:36 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4609 раз

Қазақстан Республикасында дауларды соттан тыс реттеудің келесі түрлері бар:

Бірінші амал – адвокаттарға өтіну. Партисипаттық рәсімі бұл тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында адвокаттар міндетті қатысуымен және төрешінің қатысуынсыз тараптардың арасындағы сөйлесу барысы. Партисипаттық тәртіптің артықшылығы дауды шешудің екі тарапында қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу, дауды шапшаң шешу, тараптардың материалдық шығындарын азайту, тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету және халықтың құқықтық мәдениетін қалыптастыру.

Екінші амал – медиаторға өтіну. Медиация–медиатордың тәжірибесіне іскерлігіне және біліміне сүйеніп тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қолжеткізуі, тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі. Медиацияның артықшылығы дауласқан тараптардың арасында қарым-қатынастарын қалпына келтіру және сақтау, тараптардың ресурстарын үнемдейді, барлық тараптардың мүдделерін қанағаттандыруға көмектеседі, дауды жариялау қаупін жояды, шешім тараптар мен өзеріктерімен орындалады.

Дауды Партисипаттық тәртіппен және медиация түрімен реттеу әріқарай тараптарды дауды сот органдарымен шешу құқығынан айырмайды. Даулы мәселелерді реттестіру мақсатында сотқа дейінгі дауды шешумен құқық қорғау әдісі қызмет етеді. Мысалы, ҚР «Медиациятуралы» Заңының талаптарына сай азаматтар істі сотқа дейін жеткізбей дауды келісу арқылы шешуі мүмкін, яғни бұл азаматтардың уақытымен шығындарын едәуір қысқартуына себепші болады.

Медиацияны қолдану саласы: азаматтық, еңбек, отбасылық және басқада құқықтық қатынастар бойынша жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен болатын дауларды шешуде орыналады. Сонымен қатар кішігірім және орташа ауырлықтағы қылмыстар жөніндегі сот ісін жүргізуде, атқарушылық өндірісті орындау барысындағы туындаған қылмыстық әрекеттер мен қатынастарда медиация қолданылады.

 

Медиация процедурасы төмендегі жағдайларда қолданылмайды:

- Медиация процедурасына қатыспайтын үшінші тұлғалардың мүдделеріне нұқсан келтірілсе және әсеретсе. Сонымен қатар соттың шешімімен қабілетсіз және қабілеттілігі шектеулі деп танылған жағдайда.

- Азаматтық, еңбек, отбасылық, басқада құқықтық қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен туындайтын дауларда, яғни дауда біртарап мемлекет болса.

- Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық істер бойынша және мемлекеттік қызметпен мемлекеттік басқарудағы мемлекет мүддесіне қарсы басқада қылмыстарда.

 

«Неке және отбасы туралы» Кодексінің талабы бойынша кәмелеттік жасқа жетпеген ортақ балалары бар ерлі-зайыптылар некелерін сот арқылы бұзуы мүмкін. Осындай жағдайда ерлі-зайыптылар балаларының кіммен тұратындығын, сонымен қатарортақ мүліктерін бөлу мәселесін медиатордың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Медиация процедурасы тараптардың өзара келісімі бойынша медиация келісім шартын құру арқылы жүргізіледі.

 

Медиацияның мақсаты:

1) Медиация тараптарын дауды бейбіт жолмен шешуі;

2) Тараптар дауларының өсу көрсеткішін төмендету.

 

Медиация кезіндегі тараптардың дауды бейбіт жолмен шешуі жазбаша үлгіде тараптардың қол қоюы арқылы құрылады. Медиация процедурасының ерекшілігі сол, мұнда екі тараптың келісімі арқылы жүргізіледі. Яғни тараптардың бірі келіссөздерге келіспесе, медиация процедурасы жүргізілмейді. Медиация тараптары келісім шартта көзделген шарттарды тәртібімен мерзімінде орындауы тиіс.

Осыдан бөлек, тараптардың арасында болатын мәселелер мен даулы мәселелерді реттеу мақсатында 2016 жылдың сәуір айының 8 жұлдызында ҚР «Арбитраж туралы» Заңы қабылданды. Аталған заң жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық-құқықтық қатынастарда туындаған дауларда қолданылады. Яғни олардың тұрғылықты мекенжайымен дау субъектісінің мемлекет ішімен мемлекеттің сыртында болуына байланыссыз арбитражбен шешілетін жағдайларда.

Кәмелетке толмаған тұлғалармен соттың шешімімен қабілетсіз және қабілеттілігі шектеулі деп танылған, оңалту мен банкроттық туралы, табиғи монополиялармен оларды тұтынушылар, мемлекеттік органдар арасындағы, квази мемлекеттік сектор субъектілерінің арасындағы даулар арбитражға бағынышты емес.

Арбитраждық шешім арбитрдың қолқойған күні заңды күшіне енеді және де ол міндетті болып табылады. Егерде арбитраждық шешімде мерзім көрсетілмеген болса, онда бұл шешім шұғыл түрде орындалуға жатады. Ерікті түрде орындалмаған шешім мәжбүрлі түрде орындалуға жатады.

Осылайша, қабылданған заңдар азаматтармен заңды тұлғаларға оңтайлы жағдай жасауға бағытталған.

 

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық

Әділет басқармасының іс-қағаздарын

жүргізу жөніндегі инспекторы

«ҚР Заңгерлер одағы» ОҚОФ-ның

мүшесі Г.Ташкенбаева

Последнее изменение Вторник, 20 Ноябрь 2018 10:46
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.