Еркін форматта өткен бейресми басқосуда Дархан Қуандықұлы «Егемен» газетінің жағдайын шетелдік басылымдармен ұштастыра баяндады. Оқырманға сенімді ақпарат таратуда алар орны бар салмақты басылымның алдағы жоспарларымен бөлісті.
Дархан Қыдырәлі айтқан жаңалық - нарық заманындағы сұранысқа сай газеттің электронды нұсқасымен қоса алдағы уақытта сайтында видеоконтент те пайда болады.
Онда тілшілер шетелдік ақпараттарға шолу жасамақ. Жиын барысында жас журналистерді латын графикасында көлемді мақалалар басып шығару, салалық журналистика, авторлық құқық мәселелері қызықтырды. Дархан Қыдырәлі тұщымды жауаптар беріп, тілшілерді еліміздің басты газетіне өздерінің мақалаларын жіберуге шақырды.