Тарихымыздың тұғырын танытқан еңбек

Среда, 21 Ноябрь 2018 11:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2529 раз

Әр халықтың өз тарихы, ұлттық құндылықтары мен рухани тамыры бар. Ұлы даланың жаһандық тарихтағы орны мен түғыры да осындай ұлттық этногенезистің ерекше элементтерімен айқындалады. Мұны Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы ҰЛТ ТАРИХЫНДАҒЫ КЕҢІСТІК ПЕН УАҚЫТ, АТҚА МІНУ МӘДЕНИЕТІ, ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ ЕЖЕЛГІ МЕТАЛЛУРГИЯ, АҢ СТИЛІ, АЛТЫН АДАМ, ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БЕСІГІ ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ, ҚАЗАҚСТАН – АЛМА МЕН ҚЫЗҒАЛДАҚТЫҢ ОТАНЫ атты жеті бағытынан анық аңғарамыз.

109

 

Президенттің «Рухани жаңғыру» бағдарламасының заңды жалғасы іспетті бұл мақала ұлтымыздың өркениет көшіндегі ғаламат жетістіктерінің қазығы мен қайнары қазақ деген халықтың ежелгі тарихынан бастау алатынын дәлелдеп беріп отыр.

«Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының  тұңғыш рет қазіргі Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді»,--.дейді Президент «Атқа міну мәдениеті» деген бағытында. Қазақ жылқының жалында ойнап өскен халық. «Бәйге», Көкпар», «Теңге алу», «Қыз қуу секілді ат-спорт ойындарының біздің халқымыздың төл өнері екенін де ешкім жоққа шығара алмайды.

110

Кең байтақ өлкеміздің қойнауын кенге бөктіріп жатқан байлығымызды игеруді де игілікті кәсібіне айналдыра білген ата-бабаларымыздың кәсіп игерушілігін ешкім жоққа шығара алмайды. Мақалада айтылғандай, «Ежелгі заманда-ақ Қазақстанның Орталық, Солтүстік және Шығыс аймақтарында тау-кен өндірісінің ошақтары пайда болып, қола, мыс, мырыш, темір, күміс пен алтын қорытпалары алына бастады. Ата-бабаларымыз жаңа, неғұрлым берік металдар өндіру ісін дамытып, олардың жедел технологиялық ілгерілеуіне жол ашты. Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді».

Біз барысты басты символымыз еткен елміз. Ол тектен текке алынып отырған жоқ. «Жануарлар бейнесін тұрмыста пайдалану адам мен табиғаттың өзара байланысының символына баланып, көшпенділердің рухани бағдарын айқындап отырған. Егемен Қазақстанның символдарының бірі - жергілікті жануарлар әлемінде сирек кездесетін тұрпаты текті қар барысы екені кездейсоқ емес». Міне, Ұлы даланың жеті қырының бірін сипаттайтын осы сөздерден-ақ тарихымыздың тағы бір тамырын танимыз.

Ардагер журналист Байдулла Қонысбек

Последнее изменение Среда, 21 Ноябрь 2018 11:35
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.

Другие материалы в этой категории: « ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ »