ҚАЗАҚТЫҢ ТАРИХЫ БАЙ

Среда, 21 Ноябрь 2018 11:55 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3219 раз

Әлемдік мәдениет пен ғылым үшін ашылған теңдесіз жаңалықтың бірі – Қазақстан тарихынан табылған Алтын адам. 1969 жылы Қазақстанның Есік қорғанынан табылған бұл керемет жәдігер ежелден-ақ халқымыздың өнер туындыларын асқан шеберлікпен жасай білгенін, алтын өңдеу техникасын жетік меңгергенін айғақтайды. «Ұлы даланың жеті қырының» бірін көрсететін дәлелді дәйекті Елбасы өз мақаласында өте ұтымды көрсетіп отыр.

111

 

Өнер мен ғылым да түркі мәдениетінің басты бөлшегі болып келген. Ұланғайыр даланың ұлы тұлғасы Әбу-насыр Әл Фарабидің отаны Отырар қаласы өркениеттің орталығы болғандығы тарихтан аян. Әлемдегі ең үлкен әрі бай «Александрия» кітапханасы, түркі халықтарының рухани көшбасшысының бірі Қожа Ахмет Яссауидің Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқаны да біздің мәдениет көшіндегі ұлы жолымыздың жаңғырығы.

Дүниенің төрт бұрышын керуен көшімен жалғап, сауда қатынасын қалыптастырған «Ұлы Жібек жолы» «ежелден әртүрлі мемлекеттер мен өркениеттер арасында транзиттік «дәліздердің» пайда болуына септігін тигізді». Мақалада айтылған маңызды мәселенің бірі осы. Демек Ұлы даланың өркениет өрісін кеңейтуде өлшеусіз ізі жатқандығын осыдан-ақ аңғаруға болады.

Көркем табиғатымен қатар өсімдік әлемінің неше түрімен мақтана алатын Қазақстанның баурайы қызғалдақпен құлпырып, бөктері алма бауына көмкеріліп тұр. Мақалада «Асқақ Алатаудың баурайы алма мен қызғалдақтың «тарихи отаны» екені ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Қарапайым, бірақ бүкіл әлем үшін өзіндік мән-маңызы зор бұл өсімдіктер осы жерде бүр жарып, жер жүзіне таралған» деп көрсетілген.

Еліміздің мәдени тарихы мен жетістіктерін саралап берген бұл мақаланың түйінінде Елбасы жаһандық жаңалықтар мен өзгерістер көшінен қалмаудың қағидатын айқындап, жаңғырудың жолы мен бағытын саралап беріп отыр.

Бану Ордабаева, «Ару аналар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.