ҚАЗАҚ ЕКЕНІМДІ МАҚТАН ТҰТАМЫН

Среда, 21 Ноябрь 2018 11:59 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 3412 раз

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың "ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ ЖЕТІ ҚЫРЫ" мақаласы "РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ" табиғи жалғасы. Қазақ өзінің кім екенін тани түсу үшін көтерілетін сатының бір баспалдағы.

Қазақ жеті санын жақсы көреді. Құрметтейтінін, қадірлейтінін жетіге жеткізеді, болмаса, асып кеткенін жетіге сыйдырады ғой. Президент өз мақаласында бүгінгі қазақ ықылым заманнан бері қажет деп санап, күнделікті өмірінде кәдесіне жаратқан біршама дүниені жұмыр жердегі адамзат асылына балап алған рухани, мәдени, материалдық, тағылымдық дүниелерді жүйелеп, жетіге топталыпты. Ырымшыл қазақпыз ғой.

Тақымы атқа тисе, делебесі қозып, қанаты жайылатын қазақтың рухы тарихтың қай кезінен басталатын, әсіресе, қалада туып, компьютердің алдында жиі отыратын бала бірауық кітаптан оқып, мультфильмнен көріп өскені керек-ақ. Сонда ата-бабаның рухы сол балаға ауысатын шығар. Мақтаныш сезімі оянатыны анық. Үстіне "Алтын адамның" алтыннан тоқылған сауытын кигізсе, ҰЛЫ ДАЛАДАҒЫ сол кезде қалыптасқан өркениеттің бүгінгі дамыған елдердің ұстанымының негізінде жатқанын түсінер. Сол аталарына ұқсағысы келетін рас.

«Алтын адамның» жанында жатқан кеседегі таңба алдындағы пернетақтадағы әріптің түпатасы екенін білсе, таңданыстан көзілдірігін шешіп, «мен кімнің ұрпағы екенімді білдім» деп, атып тұрып, ұстазын құшақтар еді. Мен солай ойлаймын. Риза болып, ата-апасына тарихты ертегіге қосып айтқаны үшін көшедегі дүңгіршектен сататылатын голландық қызғалдақтан құшақ тола сыйлар еді. Сол қызғалдақтың тарихын білсе...

ҚАЗАҚ екеніме осыны жазып отырып, мақтанып отырмын.

Әбдез Рахманұлы,

«Нұр Отан» партиясының

Шымкент қаласы Қаратау аудандық

филиалы төрағасының орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.