Бүгінгі қызметкерлер Қазақстан тарихын қайта оқып шығуы керек Избранное

Пятница, 23 Ноябрь 2018 04:48 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2268 раз

– «Егемен Қазақстан» газетіне Елбасының мақаласы шықты» дегенді естіп, дереу басылымның сайтын ақтардым. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласын оқып, біздің, тарихшылардың көптен күткен тақырыбы жанданатынына қуанып отырмын.

121

 

Тәуелсіздік алғанға дейін бізді отырықшылық саясатын Ресей Империясы үйретті деп оқытты. Алайда, қазақ даласы түркі мәдениетінің бесігі деп саналып, Шығыс пен Батысты жалғаған алтын көпірге айналған. Оған дәлел «Ұлы Жібек жолының» бойында орналасқан көне шаһарлар: Отырар, Сайрам, Яссы. Шымкент қаласы да көне шаһардың бірі.
Бұған дейін қазақ халқының тарихы әлдеқайда ертеректен басталатыны жайлы тек ауызша айтылды. Жазбаша тарих соңғы жылдары қазба жұмыстарының нәтижесімен дәлелді, дәйекті деректермен толыға бастады. Бұрын Қазақстан жерінен 1 ғана Алтын адам табылып еді, қазір ондай жәдігер еліміздің тағы 3 жерінде табылып отыр. Сондай-ақ, отарлау саясатына дейін де қазақ жерінде егіншілік мәдениеті болғанын айғақтайтын орақтың сынықтары табылды. Жылқыны – пырақ деп білетін қазақ ат әбзелдерінің талай жылғы тарихтан сыр шертетін бөліктеріне де археологиялық жұмыстар нәтижесінде қол жеткізіп отырмыз.
Елбасы өз мақаласында «Еліміздің солтүстік өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай» қонысында жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет қазіргі
Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді» дейді. «Ұлы дала» деп қазақ тарихының 7 қырына ерекше тоқталыпты. Сонымен қатар Президентіміз Н.Назарбаев алдағы жылдары жазба тарихымызды байыту мақсатында көптеген жұмыстарды қолға алуды жоспарлауда.
Осы тұрғыда
Елбасының саясатын негізге ала отырып, тарихшылар бүгінгі жетістіктерді насихаттауы керек. Ал бүгінгі қызметкерлердің барлығы қазақтың жаңа тарихын қайта оқып шығуы тиіс. Себебі, Президент айтқандай, біз өз тарихымызды жақсы білуіміз қажет.

Баршагүл Исабек,
ОҚМПУ-дың оқу-әдістемелік істер жөніндегі проректоры.

Последнее изменение Суббота, 24 Ноябрь 2018 14:08
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.