Талай құнды құпия жер қойнауында жатыр Избранное

Пятница, 23 Ноябрь 2018 04:52 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2571 раз

– Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы ежелгі металлургия тақырыбы ерекше қызықтырды. «Қазба жұмыстары барысында табылған металл қорытатын пештер мен қолдан жасалған әшекей бұйымдары, ежелгі дәуірдің тұрмыстық заттары мен қару-жарақтары бұл туралы тереңнен сыр шертеді. Осының бәрі ежелгі замандарда біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты қарқынды дамығанын көрсетеді», дейді Президент Н. Назарбаев.

122

 

Енді мына қызықтарға мән беріңіз, біздің ру шежірелерін оқысаңыз, Албан, Суан, Дулатты Домалақ анадан тараған Бәйдібек бидің ұрпағы дейді. Сосын ел ішінде қазақ халқы үш жүзден тараған деген тағы бірқатар аңыз-әңгімелер бар. Үш жүздің биі Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би деп, қазақ тарихын сол кезеңнен бастау алғандай ғұмырын шектеп қойған сияқты. Сонда, қазақтың осы ғұламаларының өзі қайдан тарады? Демек, қазақ тарихы одан да ерте заманнан бастау алады. Елбасымыз айтқандай, Ұлы даламызда басқасын айтпағанда металл өндіру тарихының өзі тереңнен тамыр алып жатыр. Себебі, тарихшы, археологтардың қазба жұмыстарында тапқан садақ, семсер, қылыш, үзеңгі, орақ, сауыт сынды құнды деректер оның қай жылдары жасалғанынан ғана емес, сол заманда кен қазу, меттал өңдеу мәдениеті де болғанын дәлелдейді.
Ұлы дала тарихы тым тереңде. Қазақ жерінің топырағы талай құнды құпияны қойнына жасырып жатқаны анық. Мемлекет басшысының мақаласы сол тың деректерді жарыққа шығаратын игі бастама болатынына сенемін.

Талғат ЫСҚАҚОВ,
«Бал Текстиль» кілем-тоқыма фабрикасының директоры

Последнее изменение Суббота, 24 Ноябрь 2018 14:06
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.