Версия для печати

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»

Среда, 28 Ноябрь 2018 05:28 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2932 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2018 жылдың 5 қазан күні Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауын арнап, билік өкілдеріне тұрмыс сапасын арттырып, халық табысын өсіруді тапсырды. Елбасының халыққа жасаған әрбір үндеуі біздің мемлекетіміздің дамуының маңызды кезеңі болып табылады.

Осы жолдау өзінше өзгеше. Жолдауда біздің қоғам өміріндегі барлық негізгі мәселелер көрсетілген.

Отбасы және жастар, тұрғын үй және жалақы, ауыл шарушылығы және экология мәселелері, шағын кәсіпкерлікті қолдау, әлеуметтік саланы дамыту, құқық қорғау жүйесін жаңғырту – әр адам үшін өте маңызды. Дегенмен, басты мақсат – Қазақстанның игілігі, табыстың өсуі және өмір сүру сапасы болып табылады.

Мемлекет басшысы Үкіметтің алдында мемлекеттік қызметшілердің халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер аясында тікелей байланыстарын қысқарту міндетін қойды. 2019 жылы 80%, ал 2020 жылы мемлекеттік қызметтердің кем дегенде 90% электронды форматқа ауыстырылуы керек.

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтерді алу, цифрлау және қызметтің барлық салаларында жаңа технологияларды қолдану рәсімдерін жеңілдету Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тарапынан белсенді жүзеге асырылуда. Электрондық мемлекеттік қызметтер уақытты едәуір қысқартты және оларды қамтамасыз ету сапасын арттырды, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жойды.

Атап кетсек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Мемлекет басшысының өз Жолдауында ерекше назар аударып, осы саладағы іс-шараларды жандандыру міндетін белгілейді. Қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына деген сенімі мемлекеттік органды әлеуметтік қолдауды айтарлықтай күшейтеді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жүйелі заңнамалық өзгерістер сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық болдырмау жүйесін нығайтуға елеулі заңды негізі болады.

Жолдауда мемлекеттік органдардың қызметінің тиімділігін түбегейлі арттыруға ерекше назар аударылды.

Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тағы бір маңызды мәселе – атқарылған жұмыстардың нәтижесінде мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы беру. Тиімсіз шығынды оңтайландыру арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы артады. Бүгінде қызметкердің жалақысы екі параметрге ғана байланысты – жұмыс тәжірибесі және оның лауазымдарының санаты. Сыйақылар, жәрдемақы түріндегі ынталандыру төлемдері, әдетте, бірдей мөлшерде төленеді. Көп ұзамай мемлекттік органдарда мемлекеттік қызметшілерге сыйақы төлеу фактуралық шкала бойынша енгізу жоспарлануда. Бұл жүйенің іске асуы уақыттың талаптарына байланысты. Мұндай бағалау тетіктері АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия және басқа да сондай сияқты дамыған елдерде табысты қолданылады.

Біздің мемлекетіміздің жетістіктері еліміздің имиджіне оң әсерін тигізеді және әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарына ену мақсатына жақындады, алайда біз алға жылжып, жаңа міндеттер мен перспективларды айқындауға тиіспіз.

Шымкент қаласы

Әділет департаментінің

бас маманы М.Маматаева

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.