Жастар – елдің қанаты Избранное

Пятница, 30 Ноябрь 2018 04:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 75 раз

Бүгінгі аға буынның ертеңгі арқасүйері – жастар. Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында 2019 жылды жастар жылы деп жарияланғаны жастарға тың серпін, жігер беріп отыр.

152

 

– Елбасының жыл сайын жариялайтын әрбір Жолдауы мен стратегиялық бағдарламаларында еліміздің өркендеп дамуының нақты қадамдары белгіленген. Сол маңызды құжаттардың жүзеге асуына біздер, жастар да атсалысуымыз керек. Өйткені елдің келешегі жастар екені даусыз. Осы орайда Мемлекет басшысы өзінің әр Жолдауында жастарға үлкен көңіл бөліп келе жатқанын жақсы білеміз. Келер жылдың Жастар жылы деп жариялануы да жастар саясатына тың серпін беріп отыр. Елбасы артқан сенімге нақты іспен жауап беруге Шымқала жастарының әлеуеті жетеді, – дейді
ОҚМПУ-дің ІІІ курс студенті Өстемір Мүсілім. – Дегенмен, тек мемлекеттен қолдау күтіп отырмай, біз де әрекет етуіміз керек.
Студенттер сабақтан кейінгі уақытта семинарларға, тренингтер мен өздерін қызықтырған әр түрлі үйірмелерге қатысып, бойындағы қабілетін ашуы керек. Яғни, қоғамдық өмірге белсене атсалысу маңызды. Сонда ғана Елбасы саясатының жүзеге асуына үлесімізді қоса аламыз.