Игілікті істерге бастау болған күн Избранное

Пятница, 30 Ноябрь 2018 04:56 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 78 раз

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен құттықтаймын! 

Бұл мерекенің халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше.

160

 

1991 жылдың 1 желтоқсанында егемен елімізде өткен алғашқы жалпыхалықтық Президент сайлауында халықтың 98,7 пайыз дауысына ие болған
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды. Бұл – 130-дан астам ұлт пен ұлыстың ұясына айналған еліміздің ынтымағы мен бірлігінің белгісі еді.
Елбасы халықтың өзіне артқан зор сенімін ақтай білді. Тәуелсіз Қазақ елінің қалыптасуы, тарихымыздың түгенделіп, тіліміз бен дініміздің қайта оралуы, мемлекеттік рәміздердің қабылдануы, басқа да игіліктердің бәрі осы күннен бастау алды десек артық айтқандық емес.
Еліміздегі экономикалық-әлеуметтік және саяси реформалар, халықаралық және елдік бастамалар Мемлекет басшысы
Н.Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты.
Нұрсұлтан Назарбаев – барша әлемге сарабдал саясаткер ретінде танылған, көшбасшылық талантымен, көреген кемеңгерлігімен кемелдігін көрсете білген тұлға. Елбасы дүниежүзіндегі халықтар мен мемлекеттер арасындағы келісімді, дүниежүзілік мәдениетті, бейбітшілікті арттыруға сүбелі үлес қосып, жаңа мемлекеттің келбетін қалыптастырды, елдің болашағын айқындап, экономиканың өрлеуіне ерекше серпіліс берді.
Тұңғыш Президент күнін мерекелеу – Мемлекет басшысының өлшеусіз еңбегіне деген құрмет! Бұл мерекені атап өтудің басты мақсаты – мемлекеттігімізді нығайту, еліміздің экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді сақтау!
Еліміздің болашағы баянды болғай! Жерімізде тыныштық, елімізде береке шалқып, көк байрағымыз бейбіт аспанда желбіресін!
Елбасының игі бастамаларын жүзеге асыруға үлесімізді қосып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізе берейік!

Бахадыр Нарымбетов,
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық
филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.