Елбасы – бірлік пен тұрақтылық кепілі Избранное

Пятница, 30 Ноябрь 2018 05:00 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 74 раз

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Нұр Отан» партиясы филиалының, қалалық отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының басшылығы, этно-мәдени бірлестіктердің төрағалары, зиялы қауым өкілдері мен ғалымдар, Жас Отан» жастар қанаты мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері бас қосты. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесінде қол жеткізген табыстар, Тәуелсіздік кезеңіндегі тағдыршешті қадамдар тілге тиек болды.

161

 

Елбасы өткен жылы «Нұр Отан» партиясы Саяси бюросының отырысында партия мен ҚХА-ның бірлесіп жұмыс істеуі жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Осыған орай «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы мен қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы және отбасы, балалар және жастар саясаты басқармасының басшылары 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітіп, өзара ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойды.
– Елдегі экономикалық-әлеуметтік және саяси реформалар, халықаралық және өңірлік бастамалар, жаһандық жасампаз істеріміз Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты. Жетістіктеріміздің барлығы Елбасы ұстанған бірлік пен тұрақтылық, ұлтаралық келісім саясатының арқасында жүзеге асуда, - дейді Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары
Мұратәлі Қалмұратов.
«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бахадыр Нарымбетов құжат аясында жүзеге асатын жұмыстарға көпшіліктің назарын аударды.
– Біз Елбасының жаңа бастамаларын іске асыруға, береке-бірлікті нығайтуға қатысты мәселелерді бірлесе қарап, өзара меморандумға қол қойдық. Бұл – біздің
«Қазақстан-2050» стратегиясын, Елбасының соңғы Жолдаулары мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақалаларындағы бастамаларды тиімді жүзеге асыруда бірлескен жұмыстарымыздың басты құжаты болады, - деді Б.Нарымбетов.
Елбасы Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жарияланды. Осыған орай қалалық отбасы, балалар және жастар саясаты басқармасының басшысы
Жандос Қалтаев жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау бағытындағы жұмыстарды жұмыла жүзеге асырудың маңыздылығын айтты. Еркін пікір алмасумен жалғасқан жиынға қатысқандар Елбасының өмір жолы туралы бейнефильмді тамашалады.

Сәбит ТАСТАНБЕК

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің "Журналистика" мамандығын (2004-2008) тәмамдаған. Алматы қаласында Отан алдындағы әскери борышын (2008-2009) өтеген. Республикалық «Sport», «Қазақ спорты» газеттерінде және Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтында тілші болып еңбек еткен. 2013 жылдан бастап «Шымкент келбеті» газетінің тілшісі, 2016 жылдың ақпан айынан 2018 жылдың ақпан айына дейін Бас редактордың орынбасары болып істеген.