Үкіметтік емес ұйымдар марапатталды Избранное

Пятница, 30 Ноябрь 2018 05:03 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 81 раз

Астанада Елбасының қатысуымен өткен Азаматтық форум аяқталды. Форум аясында үкіметтік емес ұйымдар марапатталды.

159

 

Атап айтқанда 15 бағыт бойынша 63 үкіметтік емес ұйымға мемлекеттік сыйлық берілді. Әр ұйымға 1 млн 200 мың теңге табыс етілді. Марапатталғандардың арасында
Шымкенттен барған ұйымдар да бар. Солардың бірі - «Интеллект» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Зоя
Сейітбекова Қоғамдық даму министрілігінің мемлекеттік сыйлығын иеленіп отыр. Жеңімпаздарды 74 қоғам қайраткерінен құралған қазылар алқасы анықтаған.
Форум аясында мемлекеттік сыйлықтан бөлек «Таным» қоғамдық жүлдесі де табысталды. Бұл қаржылай сыяпат емес, үкіметтік емес ұйымдарды ынталандыру мақсатындағы марапат. Жеңімпаздарға осы республикалық сыйлықтың лауреаты атағы мен диплом берілді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор-Бас редакторы – Айгүл Қапбарова. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.