Жолдау: агросектор адымдары айқын Избранное

Пятница, 30 Ноябрь 2018 05:04 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 115 раз

Шымкент қаласына ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев бастаған республикалық ақпараттық топ жұмыс сапарымен келді. Елбасының: «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Шымкент активімен кездескен Өмірзақ Естайұлы Жолдаудағы негізгі бағыттарды атап берді.

158

 

Жолдаудың бірінші тапсырмасы аясында Мемлекет басшысы агроөнеркәсіптік кешенді басым бағыттардың бірі ретінде атап өткен еді және еңбек өнімділігі мен өңделген өнімдерді экспорттауды 2,5 есеге арттыру міндетін қойды.
– Жалпы, Елбасының әр Жолдауы – ел үшін маңызды оқиға. Жолдау аясында Үкіметке нақты тапсырмалар беріліп, негізгі бағыттар айқындалып отыр. Біз экспорттық әлеуетті артыруымыз керек. Санға емес сапаға жұмыс істейік. Ауыл шаруашылығы өндірістік кешенін қолдаудың жоспарланған iс-шараларын үш блокқа бөлуге болады. Біріншісі, жүйелі іс-шаралар, екіншісі салалық және өңірлік іс-шаралар, үшіншісі, нақты, ірі инвестициялық жобалар. Өнеркәсіпте мемлекеттік тетіктер жетілдіріліп, мемлекеттік қолдау көлемі артады. Сондай-ақ, тиімсіз субсидияларды қысқарту жоспарлануда, – деді ведомства басшысы.
Сондай-ақ, қазір Үкіметте сыртқы нарықты кеңейту іс-шараларына назар аударылып отыр. Өнім бәсекеге қабілетті болуы керек. Бүгінде көптеген ауыл шаруашылығы тауарлары – балық өнімдері, қой еті, бидай, соя бұршағы, сиыр еті, өсімдік майы секілді тауарларға Қытай нарығы ашылды. Осы жұмыстардың нәтижесінде Қытай еліне экспорт 30 пайызға көбейген.
Қала әкімі Ғабидолла
Әбдірахымов та Жолдау аясында Шымкентте қолға алынған нақты іс-шараларды атап берді. Алдағы уақытта «Шымкент» агро-индустриалды аймағы құрылатынын жеткізді.
Жобада аграрлық секторды экономиканың жаңа қозғаушы күштеріне айналдыру қажеттігі ескеріледі. Оған 20 млрд теңге жеке инвестиция тартылып, 40 кәсіпорын ашу жоспарлануда. Нәтижесінде Шымкентте бүкіл ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін кластер жасалып, 2022 жылы өнімнің көлемі 67,5 млрд теңгеге жеткізілмек.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.