Елбасы залы ашылды Избранное

Среда, 05 Декабрь 2018 08:57 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 72 раз

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай Шымкенттегі «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасында Елбасы залы ашылды. Мемлекет басшысының құрметіне ашылған залда қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде жалпы саны мыңнан астам кітап қоры бар.

172

 

Кешке қатысқан Шымкент қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Әлия
Шалқарова оқырман қауымды мерейлі мерекесімен құттықтап, жаңадан ашылған Елбасы залының Нұрсұлтан Әбішұлы еңбектерін насихаттаудағы маңызына тоқталды.
Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларының робототехника көрмесі мен фотосуретші Қайсар Шерімнің «Елбасы бейнесі» фотокөрмесі кеш қонақтарының назарына ұсынылды.
Салтанатты жиын «Әлем таныған тұлға» атты мерекелік кешке ұласты.
Шымкент қаласының әкімдігі, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының Шымкент қалалық филиалы, зиялы қауым өкілдері мен оқырмандар қатысқан шарада кітапхананың жас бүлдіршін оқырмандары – кішкентай Нұрсұлтандар Елбасыға өлең арнап, лебізді арнауларын жолдады. Мемлекет басшысының сүйікті авторларының еңбегін оқыған сахна саңлақтары Абай жырларын, А.Чеховтың монологын және Шекспир пьесаларын бейнелесе, кітапхана қызметкерлері де Елбасының қанатты сөздерінен әдеби композиция орындады. Мерекелік кешті қорытындылаған кітапхананың директоры Күлия
Айдарбекова патриотты ұрпақ тәрбиелеуде ерекше үлес қосып келе жатқан аталған кітапханадағы «Ақерке» балалар залының орны ерекше екенін атап өтті. Ал оқырман қауым «Елбасына тілек» тақтасына жүрек-жарды ыстық лебіздерін жазып тарқасты.

Последнее изменение Среда, 05 Декабрь 2018 10:59