Версия для печати

Азаматтардың мұң-мұқтажы тыңдалды Избранное

Пятница, 07 Декабрь 2018 04:53 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2655 раз
Оцените материал
(0 голосов)

«Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов қоғамдық қабылдау өткізді. Бұл жолы қала тұрғындары негізінен әлеуметтік мәселелер бойынша көмек сұрап келген. Бахадыр Мәделіұлы барлық тұрғынның мұң-мұқтажын мұқият тыңдады.

10

Қабылдауға негізінен 6 адам жазылған. Олар құқық қорғау органы өкілдерінен, мәдениет, жұмыспен қамту мәселесі, жер қатынастары саласы мамандарынан көмек сұрады. Мысалы, Әл-Фараби ауданының тұрғыны, зейнеткер Шерім Асылбеков кішкентай балаларды құтқарамын деп қаза тапқан ұлының атын көшеге беруді өтінеді. Ерден Асылбеков небәрі 26 жасында судан кішкентайларды құтқарамын деп өзі қаза тапқан еді. Бұл мәселе көптен бері БАҚ беттерінде де жазылып келеді. Батыр ұлдың әкесі осы мәселенің тезірек шешімін тапса дейді. Мәдениет басқармасы өкілінің айтуынша, қазір көшелерге кісі есімін беруге шектеу бар. Дегенмен партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары осы мәселе бойынша Президент Әкімшілігіне хат жазатындарын айтты.
Ал Еңбекші ауданының тұрғыны, зейнеткер Қалдыгүл Тұрсынбекова үйінің ауласынан газ құбырлары заңсыз жүргізілгеніне наразылық танытты. Жалпы, тұрғындардың барлық сауалдары бойынша тиісті басқарма өкілдері жауап берді.
Партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары да бұл мәселелерді өз бақылауына алатынын айтып, тиісті азаматтарға дер кезінде мәселені шешуді тапсырды.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.