Әл-ауқаттың өсуі тұрақтылыққа жетелейді

Пятница, 14 Декабрь 2018 08:10 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2811 раз

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатынының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы аты айтып тұрғандай еліміздің әлеуметтік, экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру, тұрмыс сапасын жақсартуға арналып отыр. Халықтың әлеуметтік жағдайының артуы еліміздің экономикалық дамуына әсер ететіні сөзсіз.

Елбасының аталған Жолдауында қоғамның әр саласына арнайы тоқталып, экономикалық даму, әлеуметтің әлеуетін көтеру, адам денсаулығын нығайту, білім сапасын жақсарту, жұмыс істейтін адамдардың ең төменгі еңбекақысын көтеру сияқты еліміз үшін маңызды міндеттерді атады.

Жолдау аясында Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес әр жылдардағы әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларына қарамастан Қазақстанда бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақылары, жалпылай алғанда халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына берілетін зейнетақы мен төлемдер арттырылып отырды. Мемлекет басшысы биыл ең төменгі жалақының мөлшерін 1,5 есеге арттыруды тапсырды. Бұл арқылы 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы төмен 1,3 миллион қазақстандықтың кірісі өседі.

Қазіргі таңда бәріміздің алдымызда тұрған ең басты міндет – Мемлекет басшысының Жолдауын халыққа түсіндіру және оның жүзеге асырылуына қолдау жасау мәселесі тұр. Сонымен бірге, жұмыла бірлесіп, Елбасы жүктеген міндеттерді абыроймен атқаруымыз керек. Биылғы Жолдау барша қазақстандықтардың жағдайын жақсартып, әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік өзгерістердің кешенді бағдарламасы десек те болғандай. Ең бастысы елге бірлік пен ынтымақ керек.

 

К.МЕДЕНОВА,

Шымкент қаласы Әділет

департаментінің жылжымайтын

мүлікке құқықтарды тіркеу

жұмысын ұйымдастыру саласының

инспекторы, «Қазақстан заңгерлер одағы»

РҚБ мүшесі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.