Версия для печати

Жастар жылы басталды Избранное

Пятница, 04 Январь 2019 07:13 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4844 раз
Оцените материал
(0 голосов)

...Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау мемлекеттік саясаттың басымдығына айналуға тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек.
Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын»...

Елбасы Н.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылдың 5 қазаны

DSC 5874

 

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың бастамасымен жарияланған Жастар жылы да басталды. Президент былтырғы қазан айындағы Жолдауында «Әрбір қазақстандық жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін және олардың Отанымызды өркендету жолындағы маңызын жете түсінуге тиіс. Реформаларды табысты жүзеге асыру үшін қоғамымыздың ортақ мақсатқа жұмылуы аса маңызды» деп көрсеткен болатын.

Жастардың қоғамдағы белсенді күш екені белгілі. Жалпы, ел болашағын ақтайды деп сенім артылған жастардың белсенділігі бәсеңдеген емес. Ал 2019 жылдың ресми түрде Жастар жылы деп аталуы еліміздегі жастар саясатының жүзеге асырылуына тың серпін берері сөзсіз.

 

DSC 6011

 

Жыл үздіктері анықталды

2019 жылдың қарсаңында Шымкент жастары күнтізбелік жылды қорытындылап, бас қосты. Мегаполистің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, түрлі салаларда жетістікке жеткен жастар қала әкімінің «Үздік жастар» премиясымен марапатталды.
Аталған байқауға 14-29 жас аралығындағы 170-ке жуық жас қатысуға өтініш білдірген. Үміткерлердің арасынан жеңімпаздарды арнайы құрылған комиссия анықтап, ел Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай 27 жас өз салаларында үздік атанды.
Республикалық қала атанған мегаполис тарихында алғаш рет ұйымдастырылған байқаудың мақсаты – мәдениет, өнер,білім және әлеуметтік салада жұмыс жасайтын дарынды жастарға қолдау көрсету, жетістіктерін насихаттау.
Сонымен, ҚР Ішкі істер министрлігі ішкі әскер 6506 әскери бөлімінің рота командирі Алмас Құсайнов «Үздік әскери қызметкер» деп танылды. «ACCESS бітіруші» қоғамдық ұйымы жылдың үздігі атанса, үздік шығармашылық ұжым – «Sulu Models Шымкент» модельдік агенттігі. Он жылдық тарихы бар модельдік мектебі ит жылында бірнеше ауқымды жұмыстар атқарған. Бүлдіршіндерге арналған және қала, республика көлемінде сән апталығын ұйымдастырып, әлемнің бірнеше елінде Қазақстанның намысын қорғады. 2013 жылдан бастап дәстүрлі түрде «Шымкент аруы» байқауын ұйымдастырып келеді.
Ал «Үздік журналист» номинациясын редакциямыздың тілшісі Азамат Жаппаров иеленді.
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенті Тимур Аманбаев үздік дәрігер, ал үздік ЖОО студенті Закир Антаров деп танылды. М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенті ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры стипендиясының 2018 жылғы иегері.
«Үздік жастар жобасы» Вахиджан Хаитметов пен Данагүл Такирге бұйырды. Ваиджан «Этнографиялық аллея», «Фосфор сарайы», «Этно ауыл» жобаларының авторы, ал Данагүл Бақытжанқызы «Гигена және эпидемиология» мамандығының білімгерлері арасындағы «Денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын насихаттау» тақырыбында республикалық жобалар байқауының 1 орын иегері.
Республикалық пікір сайысшылар арасында өткен ішкі турнирдің «Үздік пікірсайысшы-2018» номинациясының жеңімпазы Рахат Арғынбай осы аталымда жылдың үздігі атанды. Үздік орта арнаулы оқы орнының студенті – Тимур Казьмин (политехникалық колледждің студенті). Ал республикалық «Шымқала ашық лига» ойындарының ІІ орын иегері, жоғарғы лига ойындары «Байдың балалары» командасының мүшесі, «Парасат» жайдарман тобының капитаны Әліби Тлеген «Үздік жайдарманшы» атанды. Біраз байқауда топ жарып жүрген қылқалам иегері Әлібек Тішкенбаев «Үздік суретші» номинациясын жеңіп алды.
Зағира Бұғыбаева – жалпы білім беру ұйымында, Бектас Төлебек – арнаулы оқу орнында, Айдана Досбаева жоғары оқу орнының үздік мұғалімі деп танылды. Үздік студенттік өзін-өзі басқару ұйымын Заңғар Жаңабай мен Бекдәулет Тасболатқа, ал үздік жастар комитеті Бәйдібек Атамқұлов, Айсұлу Мұсабаеваға бұйырды. «Үздік волонтер» – Ақарыс Елтай.
Ал «Progroup» компаниясының басшысы Асхат Нұрлыбай жылдың үздік кәсіпкері атанды. Бизнеске епті жастың еншісінде бүгінде 3 дүкені мен «Sanlin» балаларға арналған футбол академиясы бар. «Bal Tekstill» ЖШС қызметкері Рыскен Иманалиев үздік жас өндіріс маманы атанса, үздік мектеп оқушысы – Руслан Назаров.
«Үздік мемлекеттік қызметкер» аталымында Әсел Айхынбаева жеңіске жетті. «Үздік құқық қорғаушы» номинациясын қалалық полиция департаменті Еңбекші ауданды полициясының Тергеу бөлімінің ұйымдастырушылық-аналитикалық бөлімшесінің басшысы Бауыржан Сауғанбаев иеленді. Үздік спортшы – Нұрдәулет Айдархан. Халықаралық гуманитерлық-техникалық университетінің студенті Нұрдәулет Мұқтарбекұлы армрестлингтен әлем чемпионатының төрт дүркін, Азия чемпионатының бес дүркін, Қазақстанның алты дүркін чемпионы. «Үздік өрт сөндіруші» Нұрдаулет Ерғали жеңіп алса, айтыскер ақындар арасында үздігі Мейіржан Жарылқап деп танылды. Үздік жазба ақыны – Сүндет Сейтов. Ал «Шырайлым-Шұбайқызылым» республикалық байқауының ІІ орын иегері, дарынды жас қаламгер Абылайхан Есімбай үздік жазушы атанды. Үздік дизайнер – Саят Аязбеков. «Бейбіт өмір батыры» номинациясы Ермек Қалымбетовке бұйырды. №8 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының музыкалық жетекшісі 2018 жылы Қытайдың Тайбей қаласында өткен әлем чемпионатына қатысып, жүлделі бірінші орынды қанжығаға байлап қайтқан. Ермек Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, жеңіл атлетикадан республикалық параолимпиада ойындарының жеңімпазы.
Жеңімпаздарға Шымкент қаласы әкімінің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтарды қалалық отбасы, балалар және жастар ісі жөніндегі басқармасының басшысы Жандос Қалтаев табыстады.

Последнее изменение Пятница, 04 Январь 2019 07:40
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.