Версия для печати

«Нұрлы жер» бағдарламасы: 100 мыңға жуық үй пайдалануға берілді Избранное

Среда, 09 Январь 2019 04:34 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1729 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2016 жылдың желтоқсанында қабылданып, 2018 жылдың маусым айында мемлекеттік бағдарлама болып қайта бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасының мақсаты – халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру.

DSC 4889

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, 2018 жылдың 11 айында 11 млн ш.м. үй пайдалануға берілді, 96 731 баспана салынды немесе жылдық жоспардың 97%-ы орындалды. Жылдық жоспарды 12 айдың қорытындысы бойынша толық көлемде орындау көзделген.
Жалпы, 11 айдың қорытындысы бойынша республиканың барлық өңірлерінде тұрғын үй құрылысы көлемінің ұлғайғаны байқалады. 2017 жыл және 2018 жылғы 11 ай ішінде тұрғын үй құрылысына 2044,8 млрд теңге инвестиция салынды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметі бойынша, тұрғын үй құрылысы белсенді дамып келеді. Жалпы, 2019 жылы қаржыландырудың барлық көздерінен 13 млн ш.м. астам үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Ал бұл – 100 мыңнан астам баспана деген сөз.

Последнее изменение Среда, 09 Январь 2019 05:09
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.