Ардагерлер Елбасы мақаласын талқылады Избранное

Среда, 09 Январь 2019 05:05 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2316 раз

Шымкенттік ардагерлер Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын студент жастармен бірге талқылады.
М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде өткен басқосуға ҚР Жоғарғы мектебі Ғылыми Академиясының академигі, профессор Өмірзақ Озғанбаев қатысты.

IMG 2533

Профессор мақалада көтерілген мәселелер терең зерделуді талап ететіндіктен, бірнеше ірі жобаларды, атап айтқанда «Архив - 2025» жеті жылдық бағдарламасын жасау қажеттігін атап өтті. Бұл жобаны жүзеге асыру барысында тарихшылардан, деректанушылар мен мәдениеттанушылардан арнайы топ құрылып, отандық және шетелдік архивтерде зерттеу-зерделеу жұмыстарын қолға алу қажеттігі де сөз болды.
– Біздің жеріміз материалдық мәдениетке қатысты көптеген дүниелердің пайда болған орны, бастау бұлағы. Тарихи жәдігерлер, ежелгі металлургия бұйымдарының, Алтын адамның қазақ жерінен табылуы соның айғағы десек болады. Бүгінгі төл тарихымызға оң көзқарас керек. Ұлы даланың ежелгі мәдени құндылықтарын әлемге паш ете білуіміз керек, - деді колледж директоры Қ.Досалиев.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы И.Рысбаев та Елбасы мақаласының Ұлы даладағы атқа міну мәдениеті, аң стилі, Алтын адам, түркі әлемінің бесігі сияқты қырларына тоқталып өтті. Колледж студенттері ел ағаларының пікірлерін тыңдап, өз ойларын да қосып отырды.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.