Сарбаздарға сарқыт таратылды Избранное

Пятница, 11 Январь 2019 04:39 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 186 раз

Шымкентте осылайша ата дәстүр дәріптелді. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» атты акциясы бастау алды. 6506 әскери бөлімінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мейірімділікке бірге» ұранымен өткен іс-шарада Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жас сарбаздарға сарқыт таратылды.

000182

– Туған жерін қорғап жүрген сарбаздарға елден сәлемдеме ретінде сарқыт берілді. Бұл олардың туған жерге, ата-анасына деген сағынышын басып, рухтандырады деген ойдамыз, – деді «Ынтымақ» этносаралық мәдени бірлестігінің төрайымы Гауһар Уәлиханқызы.
Қазақтың әдеп-ғұрыптарын негізге алған акция жыл соңына дейін жалғасатын болады. Қаңтарда «Сарқыт», ақпанда «Сыбаға», ары қарай «Шашу», «Асар», «Қамқор», «Тоқымқағар», «Бес жақсы» секілді атаулармен өткізілмек. Сарбаздарға бауырсақ, құрт, ірімшік, жент-талқан сынды қазақтың ұлттық тағамдары таратылды.
Қайырымдылық акциясы «Көркем» әжелер тобы бастаған концерттік бағдарламаға ұласты.
Айта кетейік, игі бастама аясында көмекке мұқтаж жандарға көңіл бөлініп, материалдық көмек көрсетілмек. Оған Ассамблея жанындағы құрылымдар, этно-мәдени бірлестіктер, өңірдегі меценаттар атсалысады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.