2019 жылдың жаңалықтары Избранное

Пятница, 11 Январь 2019 04:43 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4277 раз

Қазақстанда 2019 жылы жүзеге аса бастайтын 10 өзгеріс туралы қысқаша айта кетсек.

photo 52423

1. Жалақы көбейеді
Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздегі ең төменгі жалақы мөлшері 28 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін көтеріледі.
Елбасы бұл туралы 2018 жылғы қазан айындағы Жолдауында атап көрсеткен болатын. «275 мың бюджеттік ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы орташа алғанда 35 пайызға көтеріледі. Бюджеттік дегеніміз – олар ұстаздар, дәрігерлер, құқық қорғау органдары, қорғаныс қызметкерлері және тағы басқа. Бұл мақсатқа 2019-2020 жылдарға жыл сайын 96 млрд теңгеден бөлу керек», – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Оның ішінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін қызметкерлерді ынталандыру үшін учаскелік медицина қызметкерлерінің жалақысы кезең-кезеңімен 20%-ға көбейеді. Осы мақсаттарға келесі жылы 5 миллиард теңге бөлінеді. Бұған қоса 1 қыркүйектен бастап 90 мың мұғалімнің жалақысы артады.

2. Зейнеткерлерге құлаққағыс
2019 жылдан бастап еліміздегі әйелдердің зейнет жасы 59 жасқа дейін ұлғаяды. Ал мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі көлемі 16 037 теңгені құрайды. Ең төменгі ынтымақтық зейнетақы көлемі 36 108 теңге болады.

3. Салық

3. Салықтағы өзгерістер
Ең алдымен жалақысы 25 АЕК-тен, яғни 63 125 теңгеден төмен азаматтар үшін жеке кіріс салығы 10 есе төмендетіледі. Сонымен қатар салыққа 340 миллиард теңге қарызы бар 90 мың кәсіпкерге салық рақымшылығы жүргізіледі. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап шағын және орта бизнес нысандары салық рақымшылығына ілігіп, олар салықтың негізгі сомасын төлеген жағдайда айыппұлдар мен өсімпұлдар шегеріледі.

4. Коммуналды тарифтер жаппай төмендемек
2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде коммуналдық қызметтердің тарифтері төмендейді. Елбасының 2018 жылғы 7 қарашада Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тарифтерді төмендетуге және тариф қалыптастыру ісінің айқындылығын күшейтуге қатысты берген тапсырмаларын орындау нәтижесінде барлық өңірде коммуналдық қызметтердің, соның ішінде сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, электрмен жабдықтау, жылумен және газбен қамту тарифтері төмендетіледі.
Жалпы, 2019 жылдан бастап Қазақстанда энергетика саласы үшін жаңа тарифтік әдіснама енгізіледі, сөйтіп, электр жарығы мен тауарлық газ тарифтері төмендейді.

5. Ең төмен күнкөріс деңгейі 29 698 теңге болады.

6. «Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі жол картасы» қабылданады.
2018 жылдың соңында Ақордада өткен жиында Мемлекет басшысы жаңғыртудың маңыздылығына тоқталып, ішкі істер органдарының құрылымы мен штатын оңтайландыруды, сондай-ақ өзіне тән емес функцияларды алып тастауды тапсырды. «Штат саны 10 пайызға қысқарады. Осы шаралар полицейлер санының 100 мың адамға шаққанда 471 полицейден келуін 424-ке дейін төмендетуге жол ашты. Бұл еуропалық орташа деңгейге сәйкес келеді. Осыған орай, 16 миллиард теңге үнемделмек», – деді ҚазақстанПрезиденті.

7. Мемлекеттік қызметтің 80% электронды форматта көрсетіледі.
Ал 2020 жылы кемінде 90 пайызы электронды форматқа көшірілуге тиіс. Сол үшін мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер туралы заңды жедел жаңарту керек. Президент халыққа арнаған Жолдауында жауапты мамандарға осылай деп тапсырма берді.

8. Балалардың жеке төлқұжаты болады
16 жасқа дейінгі балалардың шетелге шыққанда жеке төлқұжаты болуы міндетті.

9. Көлік иелеріне құлаққағыс
Биылдан бастап көліктердің техникалық төлқұжатының жаңа үлгісі енгізіледі. Ол кредиттік карта көлемімен бірдей, чипі бар, жүргізуші куәлігі мен жеке куәлікке ұқсайды. Бұған қоса Қазақстанда жаңа жылдан бастап автокөлік иелері үшін онлайн сақтандыру енгізіледі.

9. Техпаспорт

10. Еңбек кітапшалары электронды болады.

А.СӘДУӘЛІ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.