Жерлесіміз – «Айбын» орденінің иегері

Пятница, 11 Январь 2019 05:12 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2938 раз

Шымкенттік полицей Нұрлан Тасболатовқа Елбасының Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордені берілді.

48397104 1008022342723629 833391545695600640 n

Бұл марапат Шымкент қалалық полиция департаментінің шұғыл арнайы жасағының аға инспекторы, полиция капитаны Нұрлан Тасболатовқа көзсіз ерлікке барып, бір отбасын оттан аман алып қалғаны үшін берілді.
Республика бойынша әскери және қызметтік борышын үлгілі орындаған, заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету кезінде ерлік көрсеткен 38 қызметкерге арнайы марапатты ішкі істер министрі
Қ.Қасымов Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында табыстады.
Еске сала кетсек, Н.Тасболатов жазда түнгі кезекшіліктен үйіне оралғанда көршісінің сарайы өртеніп жатқанын көреді. Құтқарушылар келгенше көрші-қолаңмен өртті сөндіруге әрекет жасап жүрген полицей сарайда газ баллондары тұрғанын көреді. Адамдарға келетін орасан қауіптің алдын алуды көздеген азамат жалынның арасынан бір газ баллонымен қоса түтіннен есінен танған бір адамды далаға алып шығады. Екінші баллонды алып шықпақ болғанда алапат жарылыс болады. Соның салдарынан денесін күйік шалған азаматқа дәрігерлер дер кезінде көмек беріп, ажалдан аман алып қалады.

Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.