Байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды

Понедельник, 14 Январь 2019 11:37 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 1833 раз

 49512240 2219727601574457 4811151296155353088 o

Қазақстанда байланыс саласындағы бірқатар мемлекеттік қызмет бойынша қызмет көрсету мерзімі қысқартылды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу бойынша ведомствоаралық комиссияның шешімімен, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия беру, радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, сондай-ақ нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру қызметтері бойынша қызмет көрсету уақыты қысқарды. 

Бұдан бөлек, «Азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларының импортына лицензия беру» және «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытынды беру» сияқты екі мемлекеттік қызмет біріктірілді.

Оңтайландырылған «Импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар және (немесе) олардың импортына лицензия беру» қызметі бойынша лицензия алу мерзімі 16 жұмыс күнінен 8-ге дейін қысқарды. 

Айта кетейік, байланыс саласындағы қызметтерді көрсетуге лицензия алу мерзімі 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Ал «Нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою» қызметін 20 жұмыс күнінің орнына, 5 күн ішінде алуға болады. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру, жою, ұзарту және қайта ресімдеу» қызметі толықтай автоматтандырылды, дайын рұқсат құжаты 20 күн ішінде беріледі.

 

«Азаматтарға арналған үкімет»

мемлекеттік корпорациясы»

КЕАҚ Баспасөз қызметі

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.