Болашақ – білімді жастардың қолында

Среда, 23 Январь 2019 10:46 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 4583 раз

Жастар саясатының басымдықтары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев бастама жасаған «Қазақстан-2050» стратегиясының түйінді мақсаттарының бірі. 2019 жылды Жастар жылы ретінде жариялау осы бағыттағы саясаттың заңды жалғасы. Астана қаласында «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен өткен Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы жастардың әлеуметтік жағдайы, еңбек пен таланттың жастар бойында ұштастырылуы, жастардың құндылықтары бойынша ой қозғады.

 

813

 

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген халық даналығы бар. Осыған орай болашақ ұрпақтың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру жасау үшін жас ұрпақтың бойында патриоттық, ұлтжандық, отансүйгіштік, өзінің Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, өз елiне деген сүйіспеншілігін тудыру, дамыту – заман талабынан туындайтын дүние.

 

«Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асырудың басты жолы, біріншіден, Қазақстан жастарының салауатты өмір салты, идеологиялық бірлігі арқылы елдің саяси, экономикалық және тарихи дамуына үлес қосу және ел саясатының, мәдениетінің өзіндік ерекшелігін дәріптеу факторы.

 

Екіншіден, Қазақстандық жастар патриотизмі мәселесін барлық қоғамдық, мемлекеттік, саяси, мәдени-рухани мәселелердің өзегіне айналдыру. Еліміздің тәуелсіздігін және еркіндігін сақтап қалу – болашақтың мызғымас қағидаты. Біздің еліміздің болашағы, тағдыры жастардың қолында.

 

Үшіншіден, еліміздің болашағы әлеуметтік теңдіктерден туындайды. Әлеуметтік жаңғырған мемлекетте әрбір жас азаматқа өзін осы қоғамның кірпіші болып қалануына, өзінің барлық мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мүмкіндік алады.

 

Елбасының әлеуметтік бес бастамасы бойынша жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту мәселелері көтерілген. Тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік саяси жүйеге енген Қазақстан Республикасы үшін жас өскелең ұрпақ тәрбиесіне, елдегі білім беру үдерістерін жаңғырту салаларына басты назар аудару заман талабынан туындаған қажеттілікке айналды.

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жастар саясаты» оқу пәні енгізілген. Бұл пән студенттерге жастар саясатының тұжырымдамалары туралы қазіргі білімдерді беруге бағытталған және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес әзірленген. Университет ректоры тарапынан жас ғалымдардың үлесін көбейтіп, ғылыми дәрежені арттыру мақсатында зор мүмкіндіктер ұсынды. Нәтижесінде 2018-2019 оқу жылдарында университет жас мамандары үшін еліміздің жетекші оқу орындарында мақсатты бағыттағы докторантураға орындар бөлініп, гуманитарлық мамандықтар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашылды.

 

М.Жұмабеков,

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

«Философия және мәдениеттану»

кафедрасының меңгерушісі,

т.ғ.к., доцент

Последнее изменение Среда, 23 Январь 2019 11:31
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.