Жасөпірімдер қылмысы басты назарда Избранное

Среда, 06 Февраль 2019 04:38 Автор  Опубликовано в Қоғам Прочитано 2623 раз

«Қылмыссыз жарқын болашақ». Осындай тақырыпта үшінші мегаполистегі білім беру мекемелерінде онкүндік алдын алу іс-шарасы өтті. Қалалық білім басқармасының мамандары 10 күн барысында 10 түрлі тақырыппен жұмыстар жүргізген.

Тәртіп бұзушының теріс мінез-құлқын қалыптастыруға ықпал ететін жағдайларды жою, оқушы тәрбиесі, өмір жағдайын, ортасын сауықтыру, оқу, еңбек іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру, Отан қорғау, туған елдің күш-қуатын молайту үшін жүргізілетін іс-шаралар әр мектепте өткізілетіні анық. Осы орайда білім саласының мамандары ұйымдастырған онкүндік жасөспірімдердің қылмыс деңгейін төмендету, ерте жүктіліктің және аутодестркутивті мінез-құлықтың, діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған.

Онкүндікке арқау болған тақырыптардың соңғы күні «Бос уақытты тиімді пайдалану» еді. Бұл күні №80 мектеп-лицейде «Қылмысқа жол жоқ!» деп ұрандаған бір топ оқушы флешмоб билесе, қалалық 7 мектеп оқушылары арасында «Robosport» сайысы өтті. Сондай-ақ, «Әлемнің әсемдігі – балалар көзімен» тақырыбында жас қылқалам шеберлерінің сурет көрмесі жасақталып, 5-10 сынып оқушыларының сәндік қолданбалы өнер көрмесі ұйымдастырылды. Интеллектуалды марафон, шахмат сайысы, оқырмандар бәйгесі оқушылардың уақытын ұтымды пайдалануға сеп болды. Сала мамандары білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, онкүндікті қорытындылады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шара жыл бойы білім ошақтарында жалғасады.

Последнее изменение Среда, 06 Февраль 2019 04:43
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.